Microsoft Word Послед doc



Pdf көрінісі
бет65/67
Дата27.03.2023
өлшемі0,83 Mb.
#76618
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67
Байланысты:
treatise527

дікі, -тікі қосымшалары арқылы жасалады.Кейде жас бала жеткіншектер 
даусымен, кейде салмақты ашық үнді жігіт шырқауымен, тағы бірде нəзік, 
сезімтал қыз əншінің ырғағымен толқыған аға ақынның көп жылдан бергі 
шабыт жемістері. Роман-эпопеяда септік тұлғада кездесетін есімді сөйлемдер 
жатыс, шығыс жалғаулары арқылы өте мол кездеседі: Үкілі тымақ, қызыл 
шапан қоржында. Алпыс үйдің екеуіне бір аттан. Септік жалғауларының 
ішінде ең жиі кездесетіні атау, жатыс, шығыс жалғаулары арқылы жасалған 
есімді сөйлемдер деп айтуға болады. Роман-эпопеяда көптік, жіктік, тəуелдік 
жəне септік жалғаулары арқылы жасалған есімді сөйлемдер мол. 
– Зат есімдерге көмекші сөздердің түйдектеле тіркесуінен есімді 
сөйлемдер жасалады: Көлқайнар суы мөлдір,мол бұлақ болғанмен, кең қоныс 
емес. Ол – осы жақында болатын ас туралы, Бөжейдің асы туралы. Ұлықтар 
қасында өзінің екі атшабар, екі старшынымен қалған Тəкежан ғана. Көмекші 
есімді есімді сөйлемдер ілік жалғауының ашық, жасырын түрі арқылы 


112
жасалады: Осы – Тереңсайдың тұсы. Модаль сөздер есімді сөйлемдерде 
сияқты, тəрізді, керек, мүмкін т.б. сөздер мол қатысады: Оның бəріне ас 
пісіретін, отын-су қамдайтын халық керек.Сырт ажарлары шынымен егілген, 
есінен танып, бауыры езілген кісілер тəрізді.
– М. Əуезовтің роман-эпопеясында сын есімдер есімді сөйлемде сапалық 
та, қатыстық та, дара, күрделі түрде де кездеседі.Қазірде Абай көңілі қандай 
салқын болса, Ділдə да сондай жалынсыз.Бірі – қабаған қара төбеттей. Біреуі 
–бүйірі солған, аш көкжал бөрідей.Сапалық, қатыстық сын есімдер жай сөйлем 
жəне құрмалас сөйлемде де кездеседі: Бірақ, үні зор, лебі екпінді, батыл. 
Күрделі баяндауыш түрінде: Басындағы кимешек шаршысы да ұқыпты сəнмен 
тартылған, кіршіксіз аппақ. Сапалық сын есім есімді сөйлемде нақтылық 
демеулік шылаулармен де келіп, ойдың тиянақтылығын нақтылайды: - Қара 
көктің жал-құйрығы қара ғой.
– Сын есімдер барлық шырай түрінде келеді.Салыстырмалы шырай 
арқылы: Абай тіккізген үйлер қазірде бұл өлкедегі қонаққа арналған үйдің 
бəрінен оқшауырақ. Асырмалы шырай арқылы: Биылғы күз аса салқын. 
Күшейтпелі шырай арқылы:Отты сұлу көздерінің ақ, қарасы əлі де тап-таза. 
– Қатыстық сын есімдер арқылы жасалған сын есімді сөйлемдерді екі 
бөліп қарастыруға болады, біріншісі: есімдерден сын есім тудыратын өнімді 
жұрнақтар арқылы: –лы,-лі, -ды,-ді,-дай,-дей,тай,-тей,-сыз,-сіз,-шаң,-шең,-дас,-
дес: Олар, анау көрініп тұрған екі, Ақшоқы биігіндей... Қонақ үйі шешелер 
үйіндей емес, сыртынан да салқын, үнсіз... 
– Сын есімдер жіктеліп те, тəуелденіп те сөйлемді тиянақтайды: 
Парақорлық - кітап айтатын күнəнің үлкені... -Айтқаным айтқан, жазықтысың, 
арамсың. Сын есімдер құрама баяндауыштар түрінде де салалас сөйлемдерде 
мол жұмсалады: Толық денелі, дөңгелек жүзді Нұрғаным сұлу да, сəнді екен. 
Сын есімдер құрама баяндауыштар түрінде сабақтас құрмаластың бағыныңқы 
жəне басыңқы сыңарында да жұмсалады: Омбы қар қорықтың шет-шетінде 
қалың болғанмен, дəл шилердің ішіне кіргенде оншалық қатты емес, күпсек 
екен. 
– Сан есімді есімді сөйлемдер басқа сөз таптарына қарағанда роман-
эпопеяда сирек кездеседі. Сан есімдер есімді сөйлемде таза түрінде жəне 
аналитикалық тəсіл арқылы келеді.Қыстың басы, көшпелі қазақ аулында тегі он 
екі ай ішіндегі, ең ауыр кездің бірі.Биыл Асан жетіде,Үсен бесте. Сан есімді 
есімді сөйлемде есептік, топтау, болжалдық сан есімдері кездеседі. Олар дара, 
күрделі, түрде жəне тəуелдік, жіктік, септік жалғауларында да келеді. Есептік 
сан есімді: Абайдың қасындағы жас жігіттер саны он екі. Реттік сан есім мен 
нумеративті сөздер: Мұнда келгелі биыл бесінші жыл. Топтау сан есімді: 
Бəйгенің бəрі де тоғыз-тоғыздан. Болжалдық сан есімді: Базаралының туыс, 
дос көршілерінен құралған аулы көп үйлі кедей ауыл, он бес шамасындай. 
– Сан есімді есімді сөйлемді тиянақтауда көмекші есім, шылау, модаль сөз, 
көмекші етістіктер де қатысады: Байтастың мінгені Құнанбайдың қара жал 
бурыл аты, дəмелі бəйге аттың бірі еді. Күткені, тісін басқаны біреу-ақ. –Бар 
мал емес, елу-ақ қой керек. Сан есімдер көмекші сөздер құрамында келіп, 


113
тəуелдік, көптік, септік жалғауларында да ойды тиянақтайды: Бас тоғызы түйе, 
екінші тоғызы жылқы, аяғы қой, ешкі тоғыздары жəне ішік-кілем сияқты 
тоғыздар еді. Үйткені, анау таудан ағылған нөпірдің сан мөлшері де бір бес 
жүзден кем емес. 
– Салалас құрмалас сөйлемнің екі сыңары да сан есімді:Алдыңғы бəйге 
түйе бастатқан тоғыз, екінші жамбы бастатқан тоғыз. Сан есімді есімді 
сөйлемдер құрмаластың басыңқы сыңарында жиі жұмсалады: Бас жасысы 
Қоқан керуенінен алған жүз қойлық жібек кілемнен басталса, содан ары, ішік 
жиырма бес, сырмақ, сандық, жиырма бестен. 
– Есімдікті есімді сөйлемдер де зат есімдерден кейін М. Əуезовтің роман-
эпопеясында ең мол кездесетін түрі. Зерттеу жұмысында есімдікті 
баяндауыштардың түрлеріне, жасалу жолдарына, семантикасына көңіл бөлініп, 
есімдіктің сөйлемнің соңында келіп, ойды тиянақтап, есімді сөйлем болуын 
дəлелдедік. Есімді сөйлем құрауда есімдіктің əрбір түрінің орны ерекше. 
Роман-эпопеяда жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктері жиі кездеседі, ал белгісіздік, 
есімдіктері сиректеу. Барлық есімдіктер нөлдік, көптік, жіктік, тəуелдік, септік 
жалғауларында келіп, есімді сөйлемді тиянақтайды, əсіресе жіктеу, сілтеу 
есімдіктері септік жалғауларының барлық түрінде ұшырасады:Тегінде, өзі 
болыс болып жүрсе де, «күндердің күні боп, орнымнан тайып қалатын 
болсам,жығылар жағым əзір тұрсын» дегендей, басқа болысқа шығып кетуді 
ойлап жүргеннің бірі – Күнтудың өзі.Жардың ернеуі мен арғы ойы толған қар, 
найза бойламайтын обыр, опқынның өзі еді.Қалың жұртым, менің айтар сөзім 
осы-ақ! 
- Роман эпопеяда жіктеу есімдіктеріне -нікі, -дікі қосымшалары, көмекші 
етістік, шылау, модаль сөздер жалғасып, есімдікті құрама баяндауышты есімді 
сөйлем болып, сөйлемді одан əрі тиянақтай түсетіні тілдік деректермен 
дəйектелді. Есімдікті есімді құрмалас сөйлемге қарағанда есімдікті есімді жай 
сөйлем басым. Жай сөйлемнің хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты, жақты, 
жалаң, жайылма, толымды, толымсыз, болымды, болымсыз сөйлемдері 
кездеседі, тек есімдіктерден жай сөйлемнің жақсыз түрі жасалмайды. Осы 
сөйлемдердің ішінде хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлемдері жиі 
кездеседі.
– «Бар», «жоқ» сөзді есімді сөйлемдер жай, құрмалас жəне аралас болып 
келеді. Жай жəне құрмалас сөйлемдер тең дəрежеде кездеседі. Жай 
сөйлемдердің хабарлы,сұраулы түрлері мол. Əйгерімнің кең, жылы үйінде 
Базаралыдай сый қонақты үлкен ықласпен күткен ажар бар.Қызылшоқыдан 
Шыңғысқа қарай тартатын көш соқпақтың сол жағында, жағада бір жалғыз төбе 
бар еді. Бұл жиында əзіл-күлкі де, əңгіме де жоқ. 
– Есімді сөйлемдердің етістікті сөйлемдерден негізгі айырмашылығы- 
олардың баяндауыштары есімдерден жасалады жəне сөйлемдегі ойдың 
ұғымдық мəнін білдіреді. Есімді сөйлемдерге талдау жасау барысында 
предикативтілік тек етістік сөз табына ғана тəн емес, есімді сөйлемдердің 
бастауышы мен баяндауышы предикативтілік қатынаста тұрып, шақ, жақ, 
модальділік қатынас білдіреді жəне ол формалар есімді баяндауыштың көмекші 


114
құрамы арқылы айқын көрінеді: Абайдың бас алмай оқығандары осылар. Мен 
Оралбай емеспін. Ұзынша боп біткен, қоңырқай көздері саналы
 
сияқты.  
– М. Əуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы есімді сөйлемдердің 
қолданылу сипатына қарап, бұл құрылымдар дербес синтаксистік құрылым 
ретінде анықталып, оның өзіндік синтаксистік мүмкіндіктері бар, парадигмалық 
жүйесі қалыптасқан. 
– Зерттеу жұмысында есімді сөйлемдердің роман-эпопеяда кездесетін 
мынадай түрлері бар: 1) есімді сөйлемдер (зат есімді есімді сөйлемдер; сын 
есімді есімді сөйлемдер; сан есімді есімді сөйлемдер; есімдікті есімді 
сөйлемдер); 2) құрама баяндауышты есімді сөйлемдер (зат есімді құрама 
баяндауышты сөйлемдер; сын есімді құрама баяндауышты сөйлемдер; сан 
есімді құрама баяндауышты сөйлемдер; есімдікті құрама баяндауышты 
сөйлемдер; «бар», «жоқ» сөзді құрама баяндауышты есімді сөйлемдер); 
3) «бар», «жоқ» сөзді есімді
сөйлемдер;
көмекші есімді құрама баяндауышты 
есімді сөйлемдер.
- «Абай 
жолы» 
роман-эпопеясындағы 
есімді 
сөйлемдердің 
парадигматикасы мен мəтін түзушілігі, олардың құрылымдық толықтығы, 
коммуникативті дербестігі мен мəнмəтінге мазмұн жағынан (шартты түрде) 
тəуелсіз бола алатындығы дəлелденді.


115


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет