Модуль Адам ағзасындағы өтетің физиологиялық механизмдеріне түрлі факторлардың əсерлері



бет6/10
Дата07.01.2022
өлшемі2,33 Mb.
#18884
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
№ 7 Дəріс (Д).
  • Тақырып. Сыртқы орта факторларының адам ағзасының жұмысқа қабілеттілігіне əсері.
  • Лекцияның жоспары.
  • Орта таулы жəне жоғары таулы жағдайлардың адам организміне əсер ететін факторларға сипаттама.
  • 1.Спортшылардың орта биіктікте жəне одан кейінгі жұмыс қабілеттілігі. 2.Спортшының жұмыс қабілеттілігіне су ортаның əсері.
  • Орта таулы жəне жоғары таулы жағдайлардың адам организміне əсер ететін факторларға сипаттама. Қоршаған орта дегеніміз- бұл бүкіл геофизикалық жəне метеорологиялық құбылыстардың жиынтығы. Ағзаның қоршаған ортамен байланысын зерттейтін
  • ғылымды- экология деп атайды.
  • Адам тірі материяның бір бөлігі бола отырып, өзіне жан- жақты əсер ететін өзгерістерді қоршаған ортамен тығыз байланыстырады.
    • Орта жəне жоғары биіктіктің ағзаға əсері мынадай топтарға бөлінеді: төменгі биіктік - 750 м- ден 1000 м -ге дейін,
    • орташа биіктік -1000 м- ден 3000 м -ге дейін,
    • жоғары бйіктік -3000 м- ден жоғары болып саналады.
    • Барлық спорттың түрлері 2500 м биіктікке дейінгі деңгейде жүргізіледі. 1500 м-ден
    • 3000 м биіктіктер аралығында адам ағзасына мынадай факторлар əсер етеді:
    • атмосфералық ауа тығыздығының төмеңдеуі. Адам ағзасына атмосфералық қысымның сынап бағанасының деңгейі 760 мм- ге жеткеңде қысым əсер етеді. Егер сынап бағанасы жоғары көтерілсе қысым төмендейді де, тығаздың кемиді. Мысалы,- І500 м биіктікте атмосфералық қысым 680 мм сынап бағанасына тең болады.
    • оттегінің сыбағалы қысымы төмендейді.
    • ауаның ылғалдылығы кемиді де, 2000 м биіктікте ауыз қуысы құрғайды;
    • температура төмендейді;
    • Ньютонның заңы бойынша гравитация (ауырлық) төмендегендіктен нəтиже жоғары болады.
    • шуақты радиацияның көбеюі.
    • Адамының жоғары биіктікке 30 минөтке шейін бейімделуі жедел бейімделу деп аталады.
    • Бірнеше аптаға дейінгіні қысқа уақыттағы жəне биіктіктегі акклиматизацияны тұрақты бейімделу дейміз.
    • Жедел жене қысқа уақыттағы бейімделу оттегінің жеткілік-сіздігіне бағытталған.
    • Ауада сыбағалы қысым төмендеуінің нəтижесінде ағзада оттегінің жетіспеушілігі дамиды, оны гипоксия жəне гипоксемия дейміз.
    • Ағзаның бйіктікке бейімделуіне қанда болатын өзгерістер үлкен рөл атқарады. Жедел бейімделу кезінде қанның деподан келіп түсуіне байланысты эритроциттердің саны көбейеді. Қан айналым мүшелерінде жүректің соғу жиілігі, систолдық жəне қанның минөттік көлемі артады да, қан қысымы аз өзгереді.
    • Орта биіктіктегі жұмыс кезінде өкпенің желдеткіші, қанның оттектік сыйымдылығы жəне қанның минөттік көлемінің артуы ағзадағы оттегінің жетіспеуін толықтыра алмайды, сондықтан анаэробты энергияның түзілуі байқалады.
    • Жоғары биіктікке ұзақ уақыт бейімделу механизмдері жеке ерекшеліктерге, атап айтқанда:
    • 1) тыныс алу, қан- тамыр жүйесі мүшелері қызметінің өзгеруіне; 2) анаэробты энергияның түзілуінің жоғарылауына; 3) өкпенің сыйымдылығы мен көлемінің артуына байланысты өтеді.
    • Реакклиматизация ерекшеліктері таудағы 2-8 апталық гипоксиялы тұрақтылықтың өсуі төменгі жазықтыққа түскен соң 1,5- 2 айға дейін сақталады. Орта биіктіктерді жарыстарға дайындық кезеңінде пайдаланады, сондықтан 2-3 айдан кейін биіктікке бейімделу процесі өтеді, бірақ бұл кезеңде ескеретін жай ағзада толкындалған процесс жүреді. Осыған орай таудағы жаттығу процестері тек қосымша əдіс ретінде жазықтықтағы жаттығулармен бірге жүргізілуі қажет. Орта биіктіктері жаттығулар төзімділік негізгі сапа болатын мамаңдықтарға сай келеді.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет