Модуль 1. Адам ағзасындағы өтетің физиологиялық механизмдеріне түрлі факторлардың əсерлері.
Спорт түрлеріндегі дене шынықтырудағы физиологиялық негіздері - спорттық жаттығу негізінде жүретін, бұлшық ет қызметінде қалыптасатын мүшелер мен мүшелер жүйесінің қызметін зерттеуге бағытталған адам физиологиясының арнаулы бөлімі. Ол жаттығу процесін қалыптастыра отырып, жоғары спорттық нəтижелерге жетуге негізделген.
Спорт физиологиясы дене шынықтыру институттары мен университеттерінің дене шынықтыру факультеттерінде ғылыми ілім есебінде оқытылады. Бұл - негізінен енді дамып келе жатқан жас ғылым жəне педагогикалық ілім.
Спорт түрлеріндегі дене шынықтырудағы физиологиялық негіздері ғылымының жалпы физиологиядан айырмашылығы - ол тек адамдарға ғана жүргізілетін зерттеулерге негізделеді. Физиологияның классикалық əдістерін адамдарды зəрттеуде қолдану мүмкін емес. Соңдай-ақ зерттеулер белсенді қозғалыс кезінде жүргізілуі қажет, өйткені оның өзі де жұмысты қиындата түседі. Алынатын мағлұматтар көбірек қызығушлық тудырса да, жарыс кезінде зерттеулерді жүргізу іс жүзінде аса қиын.
Спортпен, дене шынықтырумен шұғылданатын адамдарға қызметтік дайындықтың күйін басқару, спорттық жаттығулардың жəне дене тəрбиелеудің физиологиялық негіздеуіне керекті жаратылыс-ғылыми негіздерін білуде жəне өз бетімен білім алуда өз біліктілігін артырудағы дағдыларды қалыптастыруда өте қажет пəн. Пəнді оқытудағы негізгі мəселелері: спорттық жатығулармен дене тəрбиесіндегі физикалық жұмыс қабілеттілігінің қалыпта устауында, денсаулықты нығайтуындағы негізіне жататын физиологиялық механизмдері туралы ғылыми көз қарастарды студенттерде қалыптастыру; сыртқы ортаның факторларының, дене шынықтырудың əдістерін пайдалана отырып халықтың физикалық жұмыс қабілеттілігін қолайлы деңгейде болуының мақсатында қозғалыс қорының қалыптасуында негізгі мəліметтерді беру; дене тəрбиесімен шұғылданатын адамдардың жəне оқушылардың дайындығын, оқу-жаттығу ұрдісін басқарудағы құралдарын, физикалық жүктемелерге шыдап бастан өткізуінде физиологиялық əдістерді пайдалануын үйреніп жəне дағдыларды қалыптастыру; спорттық дайындықтың, физикалық касиеттерін жəне спорттың жетістіктерін нақтылайтын жəне шектейтін факторлары туралы студенттерге білім беру; организмнің жасына, біліктілігіне қарай физикалық дене-күш жаттығуларының қарқындылығы мен биоэнергетикалық бағыттауындағы ерекшеліктері туралы оқып-үйрене отырып дене тəрбиесі жəне оқу-жаттығу сабақтарында олардың ерекшеліктерін білу;тыныштық, дене-күш қалыпты жəне жатығуда шеткі-күштену жүктемелерді орындағанда жаттығудың даму ерекшеліктерінің деңгейін білуі.
Спорт физиологиясы - ғылыми жəне оқулық ілім ретінде ХХ-ғасырдың 30-шы жылдарында қалыптасты. Физиологияның бұл арнаулы бөлімі бойынша алғашқы оқулық пен монографияны В.Ф.Лесгафт атындағы дене тəрбиелеу мəдениеті институтының (Санкт-Петербург) физиология кафедрасының оқытушысы А.Н. Крестовников жазды. Бұл институттың ең алғашқы кафедрасы еді. Ал А.Орбели оны ұйымдастырып, 1919 жылдан 1927 жылға дейінгі аралықта меңгерді. Ал А.Н.Крестовников болса, оны əрі қарай дамытып, 1955 жылға дейін жоғарыда айтылған кафедраны басқарды.
Бұл ғылымның дамуына жəне жетілуіне Е.К.Жуков, Н.В.Зимкин, В.В.Васильева, В.С.Фарфель, Я.Л.Коц т.б. ғалымдар өз үлестерін қосты.
Спорт түрлеріндегі дене шынықтырудағы физиологиялық негіздері ғылымының мақсаты мүшелердің, мүшелер жүйесінің жəне адам ағзасының қимылға дейін, қимыл кезінде жəне белсенді қимылдан кейінгі функциональді күйін зерттеу болғандықтан, ағзадағы бұлшық ет белсенділігін анықтап, соған сəйкес өзгерістерін тіркеуге мүмкіндік беретін арнаулы əдістер жасалынуда. Кəзіргі кезде осы мақсаттармен эрго өлшеудің 4 түрі пайдалынылады. Олар: электрлік жəне механикалық велоэргометрлер, тредбан (жүгіретін жол) жəне степэргометрия. Сондай-ақ қан айналымының, тыныс алу жəне ағзадағы функциялық ауытқуларды анықтауға мүмкіншілік беретін электрокардиограмма (ЭКГ), электроэнцефалограмма (ЭЭГ), электромиография (ЭМГ) жəне т.б. əртүрлі жабдықтар қолданылады.
Дене-күш жаттығулардың организмға əсері. Адам қозғалыстарымен басқару.
Қозғалыс дағдылардың физиологиялық даму механизмдері.
Физикалық жаттығулар бірқатар белгілері бойынша мынадай топтарға бөлінеді:
І. Бұлшық ет қызметінің тəртібіне байланысты:
изометриялық тəртіпте бұлшық ет қызметінің басым болуы жөніндегі статикалық жаттығулар (жүкті ұстап тұру);
ауксотониялық тəртіпте бұлшық ет қызметі басым болатын динамикалық жаттығулар.
II. Физиологиялық сапаның қайсыбірі басым болуына байланысты:
1) жылдам күш жаттығулары, бұл кезде бұлшық еттер бір уақытта үлкен күшпен жиырылу жылдамдығын көрсетеді (секіру, лақтыру);
2) бұлшық еттер аз ғана күш пен жылдамдықта ұзақ уақыт жұмыс қабілеттілігін сақтайтын төзімділікке жаттығулар (ұзақ қашықтыққа жүгіру, шаңғы тебу).
Адамның бүкіл күрделі қимыл əрекеттері əр түрлі қимыл рефлекстерінен тұрады:
ə. Рецепторларды тітіркендіру кезінде тартып алу рефлексі;
б. итеріп тастау рефлексі жұлынның деңгейінде тұйықталады.
ырғақтылық рефлексі - ми жүйесінің қызметіне байланысты.
күрделі қимыл рефлекстері.
Қимылды реттейтін мидың барлық бөлімдері қатысатын, қарапайым рефлекстердің сəйкестелуін қамтамасыз етеді: ми жарты шар қыртысы, қимыл сенсомотор аймақтары, жұлын, сопақша ми, орта ми жəне аралық ми. Қимыл əрекеті элементтердің жоғарғы қозғалысының жиынтығы болып, автоматты немесе өзіндік түрде орыңдалады.
Қимыл əрекеттерінің негізін оперантты шартты рефлекстер құрайды. Мысалы, тордың ішіндегі ақырға түсіп кеткен бананды маймыл оның есігін ашып алады. Əрбір қарапайым қимыл сезім жүйелері арқылы нақтыланады. Импульстер бұлшық еттерден көз жəне кіре беріс рецепторларынан орталық жүйке жүйесіне түсіп, қимыл орталықтарының қызметін өзгертеді. Қозғалыстың орыңдалу мүмкіншілігі машықтандандықтың негізінде жүзеге асады. Қимыл əрекеттері қалыптасуында оның вегетативті компоненттері қалыптасады. Қан айналым, тыныс алу жəне басқа жүйелер қызметі жəне оңың қозғаласы ағза қажеттілігіне бейімделеді. Қарапайым қозғалыс əрекетінде (жүгіру, шаңғы тебу) қимыл компоненті бұрынырақ қалыптасса, күрделі қозғалыс əрекеттерінде (гимнастика) вегетативті компонент бұрынырақ қалыптасады. Вегетативті компоненттер қимыл компоненттеріне қарағанда белсенді, яғни үйреншікті жұмыс кезінде аз өзгереді. Сонымен, қимыл əрекеттері моторлы, сенсорлы жəне вегетативті рефлекстер жиынтыгы болып саналады.