Модуль Маркетингтің теориялары және маркетингті зерттеулер мен орталары Тақырып Тауар нарығындағы тұтынушылардың мінез-құлығы



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата25.11.2023
өлшемі118,49 Kb.
#125832
1   2   3   4   5   6
2 - сұрақ
Нарықтық экономикаға өткенге дейін республика халқы үнемі тауар 
тапшылығын сезініп отырды, сұраныс жалпы тауарлар ұсынысынан жоғары 
болды. Бұл тауар ассортиментінің аздығынан байқалды. Қазіргі кезде нарық 
конъюнктурасы (жай-күйі) жедел өзгеруде, көптеген тауарлар ұсынысы оған 
деген сұраныстан жоғары. Тұтынушылардың мінез-құлқы нарықтың әр түрлі 
тауарлармен толығу мөлшеріне қарай өзгеріп тұрады, сондықтан оларды 
мақсатты түрде зерттеп отыру керек.
Тұтынушылар түпкі тұтынушылар және тұтынушы ұйымдар деп үлкен екі 
топқа бөлінеді. 
Түпкі тұтынушылар –
тауарларды өздері жеке қолдану үшін алатын 
тұтынушылар, яғни жеке тұлғалар, отбасылар, үй шаруашылықтары. 
Тұтынушы ұйымдар –
тауарларды өндіріс процесінде пайдалану үшін, 
сондай-ақ қайта сату үшін алатын көтерме тұтынушылар. 
Сатып алу туралы шешім қабылдау әр түрлі сыртқы және ішкі 
ынталандыру әсерінен болады. Мұндай факторлар әсерін Ф.Котлер сатып 
алушы мінез-құлқының үлгісі түрінде көрсетті. 
Сурет. Тұтынушы мінез-құлқының қарапайым үлгісі
Маркетингтің түрткі болатын факторлары ретінде 4 «Р» элементтері 
(тауар, баға, өткізу, жылжыту) алынады. Ал басқа да әсер етушілер ретінде 
экономикалық, ғылыми-техникалық, саяси және мәдени секілді маркетингті 
қоршаған орта факторлары болып табылады. 
Маркетингтің түрткі болатын 
факторлары мен басқа да әсер 
еткіштер
Сатып алушы санасының 
«қара жәшігі»
Тұтынушының 
қайтаратын жауабы


Сатып алушы санасының «қара жәшігінде» маркетингтік ынталандырулар 
және басқа да факторлар ықпалымен тауарды сатып алу туралы шешім 
қабылданады. 
2 - сұрақ
Тауарды таңдауға және сатып алуға әсер ететін факторлардың барлық 
түрін маркетинг жүйесінде анықтауға болады. Американ ғалымдары ұсынған 
сатып алушының мінез-құлқына әсер ететін факторларды
келесі суреттен 
көруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет