3 - сұрақ
Сатып алушының мінез-құлқына әсер ететін барлық факторларды зерттеу
маркетологтарға сатып алу туралы шешім
қабылдау процесін талдауға
көмектеседі.
Сатып алу туралы шешім қабылдау процесінің кезеңдері:
1. Адамдардың белгілі бір тауарларға қажеттілігін зерттеу.
2. Ақпаратты іздеу. Ол сатып алумен
байланысты қабылданатын
тәуекелдің мәнділігіне байланысты. Тәуекелдің төрт түрі бар:
қаржылық
шығындар,
тауар іздеуге кеткен уақыт, адам
денсаулығы мен қоршаған
ортаға қауіп тудыратын тауарларды тұтынуда болатын физикалық тәуекел.
Тәуекелді азайту үшін тұтынушы ақпараттың бірнеше түрін және оны алу
көздерін қолданады.
3. Баламаларды бағалау. Бағалаудың ең танымал криетрийлері – баға,
маркалық атау, сапа, өнімді шығарушы ел атауы. Автомобиль, компьютер,
тұрғын үй, тұрмыс жабдықтары сияқты ұзақ қолданылатын қымбат заттар
бойынша баламаны бағалау процесі өте күрделі.
4. Сатып алу туралы шешім қабылдау.
5. Тұтынушылардың тауарды дұрыс таңдауын бағалау.
Маркетингтің
жұмысы тауарды сатумен бітпейді, сатып алушының таңдап алынған тауарға
қанағаттануын анықтау қажет. Тұтынушылар алғаш сатып алғанда тауарман
қанағаттанса, кейіннен осы тауарды
тағы да сатып алуға ұмтылады,
қанағаттанбаса, сол тауарды қайта сатып алмайды.