Молекулалық биология және генетика кафедрасы жалпы медицина мамандығы бойынша оәК



бет118/258
Дата16.10.2023
өлшемі3,88 Mb.
#116150
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   258
Байланысты:
sillabus МОЛЕКУЛАЛЫҚ БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ГЕНЕТИКА

Luxury genes –genes that activate in specialized cells


Құрастырған: С.Қ.Әлмұхамбетова


5 сабақ


1. Тақырыбы: Жүрек – қантамыр жүйесінің туа біткен ақаулықтары


2. Мақсаты: жүрек – қантамыр жүйесінің даму кезіндегі туа біткен ақаулықтардың пайда болуында генетикалық және теротогендік факторлардың рөлі жайлы студенттерде білімді қалыптастыру


3. Оқытудың міндеттері:
- жүрек – қантамырлар жүйесі бойынша туа біткен ақаулықтарының қалыптасуында орта факторлардың рөлін ашу
- жүрек – қантамырлар жүйесі бойынша туа біткен ақаулықтарының қалыптасуында генетикалық факторлардың рөлін ашу
- жүрек – қантамыр жүйесінің туа біткен ақаулықтарының мультифакторлық түрінің қалыптасуындағы орта және генетикалық факторлардың өзара әсерлерінің рөлін ашу


4. Жүргізілу формасы: кейс әдісі бойынша


5. Тақырып бойынша тапсырма: жүрек – қантамыр жүйесінің туа біткен ақаулықтарының пайда болуының мүмкін болатын себептерін анықтап, олардың даму механизмдерін түсіндіру арқылы кейсті талдау


6. Үлестірілетін материал: жүрек – қантамыр жүйесі бойынша ақпараттық блок, әр түрлі клиникалық жағдайлар, ақаулықтарды талдау үшін алгоритмдер


Жүрек – қантамыр жүйесінің ақаулықтарын талдауға арналған алгоритмдер:
- Клиникалық жағдай
- Ақпарат
- Даму ақаулықтарының мүмкін болатын себептері:

  • Генетикалық факторлар

  • Экологиялық факторлар

  • Мультифакторлы жағдай

  • Биологиялық мутагендер

  • Физикалық мутагендер

  • Қосымша ақпарат

  • Қосымша ақпаратты талдау

  • Туа біткен ақаулықтардың мүмкін болатын себептерін анықтау



Клиникалық жағдай – 1
Ақпарат № 1: Баймурзина Камила. 5 жаста. Күрделі жүректің туа біткен ақаулығымен туылған: Жүректің үш жақты клапанының атрезиясы (атрезия трехстворчатого клапана). ШҚО Белое селосында тұрады.
Қосымша ақпарат: Қыздың анасы – 42 жаста, үй шаруасымен айналысады, қызмет жасамаған. Жүктілік кезінде ревматоидты ауруларды емдеу және алдын алу үшін дәрігер ұсынған дәрілік препараттарды қолданған. Алкоголь ішпейді, темекі шекпейді.
Әкесі – 45 жаста. Ұзақ жылдар бойы қорғасын – мырыш зауытында қызмет жасап, денсаулығына байланысты қызметін ауыстырған. Темекі шекпейді, мейрам кездері ішімдік ішеді.
Отбасында тағы екі бала бар. Олардың дені сау. Отбасында және оның туыстарында тұқым қуалайтын аурулар кездеспейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет