арнайы анықтамалық материалды, молекулалық биологиялық және генетикалық базалар мәліметтерін және т.б. рефераттар, эсселер, тезистер, баяндамалардың презентацияларын даярлауда және аудитория алдында сөйлеу қабілетін жетілдіруде қолдануды;
когнитивтік (біліктілік), практикалық, коммуникативтік, құқықтық және өзін-өзі жетілдіруді, топтасып, жұмыс істеу және лидерлік дағдыларды, шешендік және ұйымдастырушылық қабілеттілікті игеруді.
2.5 Пререквизиттер және постреквизиттер. Пререквизиттер: жалпы биологияның мектептік курсы, органикалық химия, медициналық биофизика.
Постреквизиттер:биохимия, гистология, микробиология, қалыпты және патологиялық физиология, фармакология, клиникалық медицинаға кіріспе.
2.6 Пәннің қысқаша мазмұны: Молекулалық биология және медициналық генетиканың міндеті мен мақсаттары, негізгі бағыттары. Молекулалық биология және медициналық генетиканың басқа медико-биолгиялық пәндердің арасындағы орны. Тұқым қуалау ақпаратының жүзеге асырылуының молекулалық механизмдері. Тұқым қуалайтын өзгергіштік. Комбинативтік өзгергіштік. Геномды, хромосомалық, гендік мутациялар. Жасушалық цикл және оның реттелуінің молекулалық механизмдері. Генетикалық гомеостаздың бұзылуы және оның адам патологиясында көрініс беруі. Молекулалық-генетикалық зерттеу әдістері және оның медициналық қолданылуы. Электрондық мәліметтер базалары және биомедициналық сайттар. Адамның тұқым қуалайтын ауруларының пайда болуының молекулалық-генетикалық механизмдері. Тұқым қуалайтын аурулардың лабораториялық диагноз қою және алдын алу әдістері. Жеке дамудың генетикалық механизмдері. Популяциялық генетиканың негіздері. Экогенетика негіздері. Фармакогенетик негіздері. Онкогенетика негіздері