Монография Семей «Үш биік» баспасы 010 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞ ббк 84. (5 Каз) а 56



бет16/20
Дата07.01.2022
өлшемі0,74 Mb.
#17517
түріМонография
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Бала жасы есейген сайын оған арналған шығармалар да

күрделене түседі. Драма жанрының трагедия, комедия сияқты түрлері

айқындала бастайды. Тікелей бала өміріне арналмаса да жеткіншектің

танымдық, тәрбиелік, көркемдік құбылыстарды әдебиет арқылы

қабылдауына септігін тигізетін туындылар қазақ балалар

драматургиясының даму сатысының бір баспалдағы. Мәселен,

Ш.Мұртазаның “Сталинге хат” трагедиясы зобалаң жылдарда халық

үшін жан қиған азаматымыз Т.Рысқұловтың ерлігіне арналса,

Ш.Құсайыновтың “Әл-Фараби” пьесасы ғұлама ғалым өмірі мен оны

қоршаған адамдар туралы мәлімет береді. Ал, Ы.Мұсаұлының

Тауан” тарихи драмасы қарадан шығып хан атанған халық ұлы



Құнанбайдың өмірі туралы шындыққа құрылған. Қазіргі заман

тақырыбына жазылған Т.Ахметжанның “Қара торғай” трагедиясы да

жеткіншекті ойландырары сөзсіз.

Әр дәуірдің, әр заманның өз тақырыбы, уақытқа негізделген

өзекті идеясы болады. 1950-60 жылдарда жазылған туындыларда бала

тәрбиесі, бала мінезі сияқты тақырыптар көп қозғалса, 1970-80

жылдары коммунистік идеяға бағынған шығармалар көптеп туды.

Осы кезеңдегі балаларға арналған шығармаларда ұлттық өрнектен

гөрі совет адамы, совет пионеріне тән мінез кейіпкер бойынан

көбірек көрініп қалып отырды. Ал, 1990 жылдары еліміздің

тәуелсіздігімен бірге әдебиетке де жаңа серпін келді. Алайда осы

тұста балаларға арналған туындылардың күрт азайып кеткені де

байқалады.

Бұған драмалық театрлардың қаржы тапшылығы салдарынан

штат қысқаруы, сахналық шығармаларды қоюдың азайтылуы, театрға

жұрт баруының азаюы, жаңа заман өзгерісін, жаңа уақыт талабын

меңгеруге белгілі уақыт керек болғандығы т.б. факторлар әсер етті

деп санаймыз. 1950 жылдарда Отан соғысы тақырыбына арналған

Ш.Байжановтың “Әлия Молдағұлова”, Қ.Сатыбалдиннің “Темір

қазық” С.Жүнісовтің “Жаралы гүлдер” О.Бөкеевтің “Жау тылындағы

бала” және т.б. жазушылардың туындылары дүниеге келді. 1960

жылдардың елеулі оқиғасы адам баласының ғарышқа көтерілуі

балалар драматургиясының да назарына ілінбей қала алмады. Осы

ретте А.Сатаевтың “Айға сапар”, Ә.Табылдиевтың “Армандастар”

пьесалары дүниеге келді. 1990 жылдардың жаңа тақырыбының бірі –

Наурыз мейрамы болды. Б.Тайжанның “Тосыннан тойланған той”,

К.Оразбекұлының “Ұлыс оң болсын” сияқты пьесаларға наурыз

мейрамы туралы әрі мәлімет береді, әрі ел тарихына сапар шектіреді.

Қазақ балалар драматургиясының дамуындағы әр кезеңінен өз

ерекшелігі бар. Ол сол заманның өз жеткіншектерін қалай көргісі

келетініне байланысты еді. Мәселен, 1980 жылдардағы қайта құру,

өзін-өзі басқару сияқты қоғам талаптары Ә.Табылдиевтың

Армандастар” пьесасынан көрініс тапты. Пьесада үлкендер жоқ.



Онда тек жоғарғы сынып оқушыларының өзін-өзі басқаруы, өзара

сын айтуы, кемшіліктерін жария түрде түзетуге ұмтылу бар.

Заман өзгерген сайын уақыт талабымен әдебиетке тың

тақырыптар келеді. Бірақ адамзаттың татулық, ізгілік, достық, бірлік,

біреуге жақсылық тілеу сияқты ұлы мұраттары ешқашан көнермейді.

Бұл тақырыптар белгілі бір уақыт талабымен шектелмейді. Сонымен



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет