АРТҚЫ АЯҚТЫҢ БҰЛШЫҚ ЕТТЕРІ
Артқы аяқтың бұлшық еттері (musculi membri pelvini) орналасу
орындары мен буындардағы қозғалыстарды іске асыру сипатына байланысты
жамбас-ортан жілік, тобық, тілерсек жəне бақай буындарының бұлшық еттері
болып бөлінеді.
Жамбас-ортан жілік буыны (articulatio coxae) құрылысы қарапайым,
көпбілікті буын. Бұл буын жамбассүйектің ұршық шұңқыры мен ортан
жіліктің басынан құралған. Жамбас-ортан жілік буыны көп білікті
болғандықтан, буынға барлық бұлшық еттер топтары əсер етеді. Жамбас -
ортан жілік буынының бұлшық еттері жануарлар денесінің бөксе жəне сан
аумақтарында орналасып, олардың кейбіреулерінің сіңірлі ұштары сирақ
аумақтарында аяқталады.
Экстензорлар. Жамбас-ортан жілік буынының жазғыш бұлшық еттері
орналасу орындарына сəйкес: бөксе жəне санарты бұлшық еттер топтары
болып екіге бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |