ӨҢЕШ
Өңеш (пищевод) — oesophagus — жұтқыншақты қарынмен
жалғастырып, жұтылған азықты ауыз куысынан қарынға жеткізетін, ұзын
түтікше мүше. Денедегі орналасу орындарына байланысты ол үш бөліктен:
мойын бөлігінен (pars cervicalis), көкірек бөлігінен (pars thoracica) жəне
құрсақ бөлігінен (pars abdominis) тұрады. Түтікше мүше ретінде өңештің
қабырғасында үш қабық ажыратылады. Олар: ішкі кілегейлі қабық, ортаңғы
етті қабық жəне сыртқы мойын бөлігінде адвентиция қабығы, ал көкірек пен
құрсақ бөліктерінде сірлі қабық.
Өңештің мойын бөлігі жұтқыншақтан басталады да, қарынға қарай
бағытталып, көмекей мен кеңірдектің дорсальды бетінде орналасады. Ол
көкірек қуысына кірер алдында, 5 -інші мойын омыртқаның тұсында
кеңірдектің сол жағына қарай иіліп төмен түседі де, көкірек қуысында ол
қайтадан кеңірдектің жоғарғы жағана көтеріледі. Одан əрі жүректің үстімен,
қолқа доғасының оң жақ бетімен өтіп, 9-10-ыншы қабырғалар тұсында
көкеттің өңеш тесігі арқылы құрсақ қуысына өтеді. Өңеш қарынның сол
жағындағы кардиальды ұшына барып ашылады. Өңештің қарынға ашылатын
тесігін қарын кіреберісі (ostium cardiacum) — деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |