148 — сурет. Ұйқы безі
1 — ұйқы безінің бөлікшесі; а - экзокринді бөлігі; б — эндокринді бөлігі (ұйкы
безінің аралшықтары); 2 — бөлікшелераралық дəнекер ұлпасы; в - вена; г —
бөлікшелераралық шығару өзегі; д — соңғы бөлімдер (ацинустар, альвеолалар); е —
артерия; ж — вена капиллярлары; з — соңғы бөлім куысындағы ендірме бөлімнің
жасушалары (ацинусорталығы жасушалары).
Гландулоцит
цитоплазмасының
базальды
бөлігінде
гранулалы
эндоплазмалық тор тығыз жатады. Гольдж кешені мен митохондриялар
жақсы жетілген. Түзілген сөл ұсақ тамшылар түрінде гландулоциттердің
альвеола куысына қараған апикальды бөлігінде жиналып, зимогенді полюс
— деп аталады. Қабырғасы бір қабат жалпақ эпителийден құралған ендірме
бөлімдер ұйқы безінің секрет бөлетін соңғы бөлімдерінің қуысына еніп
тұрады. Ендірме бөлімдерден қабырғасы бірқабатты жалпақ эпителийден
құралған ендірме өзектер басталады. Олар бір-бірімен қосылып, қабырғасы
бірқабатты призма тəрізді эпителийден тұратын бөлікшелераралық
Достарыңызбен бөлісу: |