Морфология



Pdf көрінісі
бет641/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   637   638   639   640   641   642   643   644   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

шығару өзектерін кұрайды. Бұл өзектер бір-бірімен бірігіп, ұйқы безінің он 

екі  елі  ішекке  ашылатын  негізгі  шығару  өзегін  түзеді.  Бөлікшелер  ішінде 

альвеолалардың  аралықтарында  ақшыл  боялған  эпителий  жасушалары 

(инсулоциттер) топтасып, пішіні мен мөлшері əр түрлі аралшықтар құрайды. 

Осы  аралшықтар  жиынтығы  ұйқы  безінің  эндокринді  бөлігін  жасайды. 

Инсулоциттер  —  қан  капиллярлары  қабырғаларымен  жанаса  орналасқан 

жасушалар  бағандарын  түзеді.  Аралшықтар  қан  тамырларымен  жоғары 

деңгейде 

жабдықталған. 

Инсулоциттер 

цитоплазмасында 

барлық 

органеллалар жақсы дамыған. Бірақ, экзокринді гландулоциттерге қарағанда 

гранулалы эндоплазмалық тор нашар жетілген. 

Аралшық  инсулоциттері  А-,  В-,  Д-,  Д-

1

  жəне  РР  болып  бірнеше  түрге 



бөлінеді.  Бұлардың  ішінде  ең  көбі  солғын  боялған  В  -жасушалары 

аралшықтардың  орталығында  орналасады.  Олардың  цитоплазмасында  суда 

ерімейтін,  спиртте  еритін  дəншелері  болады.  В-  инсулоциттер  қандағы 

глюкозаның мөлшерін азайтып, оны бауыр мен бұлшық еттерде қорланатын 

гликогенге  айналдыратын  инсулин  гармонын  бөледі.  Аралшықтың  шеткі 

жағындағы  А-инсулоциттерінің  дəншелері,  керісінше,  суда  ериді.  Олар 

гликогенді  глюкозаға  айналдырып,  оның  қандағы  деңгейін  көтеретін 

глюкагон  гармонын  түзеді.  Аралшықтардың  шетінде  орналасқан,  саны  а' 

мөлшері  орташа  келген  Д-  жасушаларының  гормондары  В-,  А-  жəне

 

экзокринді 



альвеолалар 

гландулоциттердің 

қызметтерін 

тəжейді. 

Цитоплазмасындағы  дəншелерінің  күмістену  (аргирофилді)  қасиеттері 

болатын,  саны  тым  аз  Д-,  инсулоциттері  организмдегі  қанның  қысымын 

төмендетіп  жəне  ұйқы  безі  экзокринді  бөлігінің  сөл  қызметін  күшейтетін 

гормон бөледі. РР- жасушаларында ұсақ дəншелер болады. Олардың да саны 

аз  жəне  аралшықтардың  шеткі  жағанда  кездеседі.  РР-  инсулоциттерінің 

гармондары қырын мен ұйқы безі сөлінің бөлінуіне ықпалын тигізеді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   637   638   639   640   641   642   643   644   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет