Мотивациялық кітаптар жиынтығы 2012



Pdf көрінісі
бет45/57
Дата29.01.2023
өлшемі1,27 Mb.
#63498
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   57
 
 
 


Мотивациялық кітаптар жиынтығы 
www.zhanaoi.kz 
Стильді болыңыз 
Кіріспе бөлімі кезінде қателік жасап алмаңыз. Құрметті керек адамға беріңіз. 
Ұйымдастырушылардан алдын-ала залда құрметті адамдар бар-жоғын сұрастырыңыз. 
Белгілі-бір жұмысты керемет атқарған ерекше адамдарға марапат жасап мадақтаңыз. 
Оратор жақсы сөз сөйлеп, тақырыпты толық аша алмаса, мақсаттың нәтижесіз болғаны. 
Егер шынымен, жақсы шыға алмаған болсаңыз, онда сізді шақырған адамдар үшін ұятты 
болады. Сіз қалаған кезде қол шапалақ шақыратын ерекше сәттер болады. Ол уақыт пен 
мазмұнға байланысты. Бұған жетуге, тәжірибе көмектеседі. Кейбір лекторлар сияқты 
тақырыпты нақты ете түсетін пунктер қолданыңыз. Мысалы, 1, 2, 3, бәрін атап шыққанша. 
Әрқашан стильге мән беріңіз. Спортшының өзінің ерекше стилі бар болғандай
өзіңіздің жеке стиліңізді қалыптастырыңыз. Сіздің мінезіңізге қарай негізделген, өзіңіздің 
стиліңізді! Джон Уэйн, әдемі жүріс пен ерекше дауыс тембрінің иесі болғандай, дәл бізде, 
ерекше қимылдарға не болмаса мінезге иеміз. Қағидаттар: 

Кіріспе бөлімінде қателік жасамаңыз, атақты адамдарға сөз беріп не оларды 
марапаттаңыз 

Ең басында назарды өзіңізге аудару керек 

Келісімге келетін нүктелерді табыңыз 

Факт ұсынып, драмаластырыңыз 

Қатты сөзден кейінгі тыныштық, реакция тудырады 

Пункт пен қағидаттарды кезегімен айтып отырыңыз 

Есте қалатын стильді дамытыңыз 
Жауапкершілікті тереңнен сезініңіз 
Халық алдында сөз сөйлеу – үлкен жауапкершілікті талап етеді. Ұсынып отырған 
материалды майда-шүйдесіне дейін зерттеңіз, өйткені тығыз дисктер, DVD, мақала, 
айтылған сөздеріңіз, бұл оқиғадан кейін де, әрекеттерін жалғастыра береді. Шындық пен 
білімді ұсыну үшін уақыттың сынына төтеп беретін фактілерге сүйену керек. Оратордың 
уысынан қандай да болмасын бір сөз шығарда, оның шынайы екеніне жауапты болу керек. 
Бастап келе жатқан және кәсіби ораторлардың арасындағы айырмашылық, тақырыптағы 
нақтылық және ерекшелік болып табылады. Бірнеше ораторлар сөйлеген 
кезде әріптесіңіздің уақытын алып қоймағандығыңызға сенімді болыңыз. Егер 
сіз көпшілік алдындағы сөз сөйлейтін оратор болсаңыз, онда сәтсіздікке ұшырағанда
қатты мұңаймаңыз. Тіпті, кәсіби ораторлар да, сәтсіздікке ұшырап жатады. Жаман 
тыңдаушылар болмайды, дұрыс емес ақпараттанған немесе дайындықсыз шығатын 
ораторлар болады. Сіздің жауапкершілігіңіз сізден ең жақсыны талап етеді. Осылай істеу 
арқылы сіз әр шыққан сайын күшіңізді шыңдайсыз! Қағидаттар: 

Өзіңіздің материалыңыз үшін дайын зерттеулер жүргізіңіз 

Өзгелерден ұрламаңыз 

Сөз сөйлеу уақытына қатысты шынайы болыңыз 

Өзіңізді тиынға сатпаңыз 

Барлығы сіздің ғана бақылауыңызда болуы керек 

Сәтсіздіктер сізді тоқтатпауы керек 


Мотивациялық кітаптар жиынтығы 
www.zhanaoi.kz 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет