Мутанова динара юлдашбаевна


  Жоғары оқу орындарында ағылшын тілі мұғалімдерін кәсіби



Pdf көрінісі
бет15/68
Дата24.05.2022
өлшемі2,26 Mb.
#35442
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   68
1.2 
Жоғары оқу орындарында ағылшын тілі мұғалімдерін кәсіби 
даярлаудың отандық және шетелдік тәжірибесі 
Қоғамның әсіресе оқытудың заманауи технологияларын меңгерген және 
мектепте шетел тілдерін нәтижелі оқытуға қабілетті мұғалімдерге деген 
қажеттілігінің өткір болуы салдарынан болашақ ағылшын тілі мұғалімдерін 
кәсіби даярлау саласындағы озық шетелдік тәжірибелерін зерттеу өзекті болып 
табылады. 
Зерттеу жұмысы барысында озық шетелдік және отандық жоғары білім 
беру ұйымдарында болашақ шетел тілі мұғалімдерін даярлаудың тәжірибелері 
зерделенді. 
Алдымен, Германияда болашақ шетел тілдері мұғалімдерін даярлау 
ерекшеліктерін қарастырайық. Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді талдау 
негізінде Германияда шетел тілі мұғалімдерін даярлаудың жүйесі, үш кезеңнен 
тұрады: жоғары білім алу, дайындық қызметі (preparatory service) барысында 
практикалық дағдыларды алу және соңында мектептерде жұмыс істейтін 
мұғалімдердің біліктілігін арттыру. Бірінші кезеңнің нәтижесі магистр 
дәрежесін алу болып табылады. Екінші кезең, әдетте 1,5–2 жыл, әдістемелік 
семинарларға бару және тәжірибелі педагогтың басшылығымен сабақтар 
өткізуді көздейді. Бұл кезеңнің аяқталуы кәсіби мемлекеттік емтихан болып 
табылады. Соңында, үшінші кезең педагогтардың шетел тілдерін оқыту 
мәселелері талқыланатын лекциялар мен семинарларға қатысумен байланысты. 
Осы 
кезеңде білім 
алу 
нәтижелері 
арнайы 
біліктілікті 
арттыру 
сертификаттарымен расталады. 
Германияда болашақ шетел тілі мұғалімінің университеттік дайындығы үш 
құраушыдан тұрады: мектепте оқытылатын оқу пәндерін оқу, педагогикалық 
ғылымдарды зерттеу, мектеп тәжірибесі. 
Оқытылатын пәндерді таңдау студенттің болашақ мұғалім лауазымына
және мектептің тиісті сатысының оқу жоспарына байланысты. Бірінші саты 
үшін барлық студенттер үшін міндетті пәндер неміс тілі, математика және тағы 
бір таңдау пәні болып табылады. Екінші саты үшін I және II өте кең бағдарлы 
болып келеді, білімгердің таңдауына байланысты кез-келген екі пән таңдалуы 


31 
мүмкін. Тәжірибе жүзінде келесі комбинациялар басым: неміс тілі және тарих, 
неміс және ағылшын тілі, неміс және француз тілі, математика және физика 
мұғалімі.
Болашақ мұғалімнің білім алуы тек оқу пәндерін ғана емес, сондай-ақ 
«Педагогикалық ғылымдар» пәнін да қамтиды, оларды зерделеу бірінші сатыда 
оқу бағдарламасының 25% - ын, екінші сатыда оқу бағдарламасының 20% - ын 
құрайды.
Ал, мектеп тәжірибесі студенттерді мектептерде жұмыс істеуге 
бағыттайды, сондай-ақ оларға практикалық тәжірибе алуға және мұғалім 
мамандығына «жеке жарамдылығын» бағалауға көмектеседі. Практика, яғни 
мектептердегі сабақтарға қатысу педагогика немесе әдістеме бойынша оқу 
сабақтарымен тығыз байланыста. Мектеп тәжірибесі бойынша оқыту келесі 
нысандарда өтеді: 
- tadespraktika, сабақ дайындау және оларды талқылау педагогика және 
әдістеме бойынша сабақтарда, ал сабақтарға қатысу - семестр бойы 
(сабақтармен қатар немесе оларды аяқтағаннан кейін бірден) өтеді; 
- blockpraktika, оның барысында сабақтарды дайындау және оларды 
талқылау педагогика немесе әдістеме бойынша сабақтарда өтеді, бірақ сабаққа 
қатысу сабақтан бос уақытта өткізіледі және төрт апта жалғасады. 
Университетте оқу соңында білімгерлер екі немесе үш оқу пәні және 
педагогикалық ғылымдар бойынша - жазбаша және ауызша бірінші мемлекеттік 
емтихан тапсырады. Бұған дейін білімгер бір жазбаша жұмыс (бір оқу пәні 
бойынша) жазуы тиіс. Емтихан талаптары бітіруші алғысы келетін мұғалім 
лауазымына байланысты ерекшеленеді. 
Екі жылдық педагогикалық тәжірибе. Бірінші мемлекеттік емтиханды 
сәтті тапсырғаннан кейін болашақ мұғалім екі жылдық педагогикалық 
практикадан өтеді - референдариат. Ол мектепте және оқу семинарында кәсіби 
практикалық дайындық болып табылады. Кәсіби педагогикалық даярлықта 
сабақтарға қатысу, сынақ сабақтарын өткізу және өз бетінше сабақ беру 
маңызды орын алады. Практика соңында өзіндік жазбаша жұмысынан, екі 
сынақ сабағынан, ауызша емтиханнан тұратын екінші мемлекеттік емтихан 
тапсырылады. Екінші мемлекеттік емтиханнан сәтті өткен мұғалім 
дайындығының аяқталуын білдіреді.
Қазіргі кезде Германиядағы болашақ шетел тілдері мұғалімдерін даярлау 
жүйесіндегі өзгерістер халықаралық қатынас тілі ретінде ағылшын тілінің 
басым рөлімен, сондай-ақ оқу процесіне шетел тілін меңгерудің 
жалпыеуропалық құзыреттілік жүйесімен қарастырылған стандарттарды 
енгізумен байланысты. Шетел тілі мұғалімдерінің кәсіби даярлаудағы негізгі 
мәселелерінің бірі теорияға бағытталған университеттік білім беру мен 
педагогикалық колледждерде болашақ шетел тілдері мұғалімдерін даярлаудың 
практикалық бағыттылығы арасында белгілі бір қарама-қайшылықтың 
болуында. Бұл мәселені шешу тұрғысында қазіргі таңда кешенді іс-шаралар 
қолға алынуда [105]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет