Музыкалық білім беру теориясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен жоғарғы оқу орындарының 050106 «Музыкалық білім беру»


Ахметова М. Ән өнері және уақыт. –



бет44/68
Дата19.06.2023
өлшемі1,09 Mb.
#102324
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   68
Байланысты:
165959 (1)

Ахметова М. Ән өнері және уақыт. –
Алматы: Өнер, 1993. – б.5-17
Р.Р. Жәрдемәлиева


ЖАҢА ПРОГРАММА ЖАЙЫНДА
Академик Д.Кабалевскийдің басшылығымен музыкалық лабораторияда жасап шығарылған жаңа музыка программасы балалардың эстетикалық және рухани талғамын қанағаттандырып, олардың музыка туралы түсінігін кеңейтеді. Ой-өрісін дамытып, музыка мәдениетінің, негізін өз беттерінше тұсініп, игеруге игі ықпал жасайды.
Программаның түпкі мақсаты - музыканы оның өзіне сүйене тани білу, музыканы мектепте өтілетін басқа да пәндермен сабақтастырып, өмірмен байланыстыру.
Бұл маңызды принцип музыка әлеміндегі ең кең тараған және баршаға танымал жанрлар: ән, би, марш арқылы жүзеге асырылады.
Жалпы орта білім беретін қазақ мектептерінің бастауыш сыныптарына арналған музыка пәнінің жаңа бағдарламасын құрастырушылар Б.Ғизатов, Р.Р.Жәрдемәлиева, Ғ.Ж.Қарамолдаева, Д.Б.Кабалевский бағдарламасының негізгі принциптері мен әдістерін басшылыққа ала отырып қазақ тіліндегі бағдарламаның мазмұнын қазақ мектептерінің өзіндік ерекшеліктеріне сай творчестволық тұрғыдан толықтыра жасады.
Бағдарлама жасау үстінде авторлар аталмыш ғалымның: "...Одақтас республикалар үшін жасалынатын бағдарламалар ұлттық материалдар мен ұлттық музыка мәдениетінің озық үлгілеріне сүйене отырып, орыс тіліндегі бағдарламаға өзгерістер енгізу арқылы жасалынуы тиіс..." деген қағидасына мән берді. (Д.Б.Кабалевский. "Основные принципы и методы программы по музыке для общеобразовательной школы").
Авторлар қазақ мектептеріне арналған бағдарламада ән, би, маршпен қатар күй жанры, қазақтың халықтық аспаптық музыкасы болуы керек деп тапты.
Бұл жанрлар бірінші сыныптың алгашқы сабағынан-ақ окушыларды музыка әлеміне жетелеп, «...аса қиындықсыз-ак опера, балет, симфония, кантатаны түсінуге себін тигізеді». (Бұл да сонда). Марштың әр түрлі типтерімен танысу (С.Чернешсий. «Қарсы алу маршы», П.Чайковский «Ағаш солдатгар маршы», М.Блантер «Спорт маршы», Е.Брусиловский «Марш»). Балаларға музыкада кездссетін қарама-қарсы көңіл күйлер мен сезімдерді өздігінен ажырата, тани білуге көмектеседі. Әрине, бұл айтылғандардың әнге де, биге де, күйге де қатысы бар.
Халық әндері мен күйлері - өмір энциклопедиясы тәрізді. Бұл шығармалар қазақ халқының тарихи дамуының ерекшеліктерін дәл бейнелеп көрсетеді. В.Г.Белинский фольклорлық шығармалардың маңызын жоғары бағалап, халықтық фольклордың тарихты және онын әрі қарай дамуын терен түсіне білуге зор комегін тигізетінін ерекше атап корсетті.
Оқушыларды халық әндерімен таныстыру үшін бірінші сыныпта «Қамажай», «Елім-ай», «Қарлығаш» әндерімен басталып, одан кейінгі сыныптарда «Қараторғай», «Алатау», «Жаз болса», «Жаз келеді, алақай», т. б. әндер арқылы тереңдетіле және кеңітіле түседі.
«Күй» такырыбы халық күйі «Кеңес» және Дәулеткерейдің «Қос
алқа» күйін тыңдаудан басталады. Оқушылар шығарманың бірқалыпты екпінін, кең тыныстылығын, динамикалық белгілерге бай екенін байкайды. Келесі сабақтарда тыңдалатын А.Жұбановтың «Би күйін» салыстыра талдағанда, оның айқын би ырғақтылығын және майда лирикалык сипатын анықтайды. Бұлай салыстыру бағдарламадағы негізгі принципке (ұқсастық және айырмашылық) байланысты жүргізіледі.
Қазақ тіліндегі бағдарламаның тақырыптық құрылымы ұлттық
музыка материалдарының сан алуан түрін - фольклорлық және халыктық шығармалар мен қазақ ұлттық музыкасын пайдалануды қажет етті. Бағдарламада белгілі халық композиторлары: Жаяу Мұса, Естай, Иса Байзақов, Дәулеткерей, Құрманғазы, Тәттімбет, Ықылас, Дина; қазақ ұлттық композиторлары: А.Жұбанов, М.Төлебаев, Л.Хамиди, Қ.Қожамьяров, Ғ.Жұбанова, Е.Рахмадиев, С.Мұхамеджанов, Б.Ғизатов, Ө.Байділдаев, А.Еспаев, К.Қуатбаев, т.б. ән-күйлері кеңінен орын алды. Шығармаларды тандап алуда, оның көркемділігіне, кұндылығына, тәрбиелік мәнділігіне, бейнелеушілік ерекшеліктеріне аса үлкен мән берілді. Бұған қоса музыка пәні мұғалімі сыныптың музыканы түсіну деңгейіне және қабылдау қабілетіне қажет деп тапқан шығармалар мен музыкалық фрагменттерді қосымша ұсынуына болады. Әрине бұл жағдайда ол сабақтың тақырыптық құрылымына нұсқан келмеуін мұқият ескеруі қажет.
Бағдарламаға педагогикалық практикада мақұлданған әндер енгізілді. Мысалы, І - сынып оқушылары үшін Б.Ғизатовтың «Біз өмірдің гүліміз», И.Нүсіпбаевтың «Мұғалім ол біздің», С.Мұхамеджановтың «Октябрят бесеуміз», Т.Базарбаевтың «Жаңбыр», А.Еспаевтың «Бақытты балалық шақ» және т. б. көптеген әндер болса, 2 - сынып оқушылары Б.Ерзаковичтің «Күз», Б.Ғизатовтың «Сүйікгі Отаным», А.Еспаевтың «Ортеке», Б.Байқадамовтың «Айгөлек», Ғ.Жұбанованың «Кімнің құлағы ұзын?», С.Мұхамеджановтың «Космонавт боламыз», Л.Хамидидің «Туған ел», Ө.Байділдаевтың «Май жыры» әндерін үйренеді.
Ал, 3 - сынып оқушыларына И.Нүсіпбаевтың «Жомарт елім», халық әні «Шақырамыз жарысқа», Б.Ғизатовтың «Пионерлер жыры», Б.Байқадамовтың «Біз Отанның бөбегі» сияқты мазмұнды әндермен танысуға мүмкіндік туады.
Авторлар жаңа бағдарламаға педагогикалық практикада бұған дейін қолданылып келген халықтық ән-әуендерді де енгізді. Халықтық ән-әуендердің бағдарламаға енуі балалардың вокальдық техникасын дамытуға және дыбыстарды дұрыс есту қабілеттерін арттыруға, ән әуенін тез жаттап алып, музыканы нотамен айта білуге үйретуге аса зор ықпалын тигізеді.
Мысалы, 3 - сыныпта балалар халық әні «Жаз болса» мен «Қараторғайдан», Иса Байзақовтың «Желдірмелерінен» әр түрлі термелерден, Р.Елебаевтың «Жаз қазағынан» әнінен үзінділер орыңдайды.
Д.Б.Кабалевскийдің бағдарламасындағы өткен ғасырлар және қазіргі дәуіріндегі шетел, орыс композиторлары Л.Бетховен, В.Моцарт, Ж.Бизе, Э.Григ, Ф.Шопен, П.Чайковский, М.Глинка, С.Рахманинов, С.Прокофьев, М.Коваль, А.Хачатурян, Д.Кабалевскийдің шығармалары қазақ мектептеріне арналган бағдарламадан да кең орын алды.
Автарлар 3-сыныпта өтілетін «Менің халқымның музыкасы» деп аталатын тақырыпты әзірлеуге үлкен шығармашылық тұрғыдан қарады. Өйткені, оқушылар музыка мәдениетінің негізі халық шығармашылығы екенін, ол композиторлардың жазатын музыкаларына аса күшті тірек екенін түсінуге тиіс.
Қазақ халық музыкасының өзіңдік ерекшеліктерін оқушылар лирикалық «Жаз болса», «Шилі өзен», тақпақ сазды-речитативті «терме», «желдірме», «жыр», «толғау» әндерін үйреніп, аспаптық музыканы (халық күйі «Қыз мұңы», «Бозінгеннің бүлкілі», Н.Тлендиевтің «Ата толгауы» т. б.) тыңдағанда айқын сезінеді.
Екінші және үшінші тоқсандарда балалар Егеменді Қазақстан және әлем халықтарының музыкасымен кеңінен танысады, олардың өзіне тән ерекшеліктерінен музыканың ұлттық ажарын айыратын дәрежеге жетеді. («Менің елімнің музыкасы мен біздің еліміздегі барлық халықтар музыкасының арасында шекара жоқ 2-тоқсан», «Әлемдегі барлық елдердің музыкаларының арасында шекара жоқ 3-тоқсан «).
Кавказ халықтары және молдаван музыкалары «Лезгинка», «Молдавенясканы», қазақ музыкасы «Ақ сисаны» тыңдағанда балалар Қазақстан Республикасының кейбір халықтары музыкаларының бір-біріне мүлдем ұқсамайтынын анықтаса, қырғыз композиторы А.Молдабасановтың «Еңбек маршын» тыңдағанда, керісінше, қазақ және қырғыз музыкаларының интонациялық жақындығын байқайды.
Азербайжан композиторы Е.Бабаевтын скрипка мен фортепьяноға арнап жазған концертін тыңдағанда оқушылар өздеріне таныс әуенді естиді «Гәкку», екі халық музыкасының бір шығармада түйісіп, тамаша үйлесім тауып тұрғанын сезінеді.
Норвегия елінің композиторы Э.Григтің «Таң» мен Ғ.Жүбанованың «Теміртау таңы» өзінің ашықтығымен, әуенділігімен, әсемділігімен бір-біріне жақын.
Азербайжан композиторы Кара Караевпен балалар «Найзағай ізімен» атты балеті арқылы танысады. Композитор өз шығармасын негр халқының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күресі тақырыбына арнады. Қазақстандық композиторы А.Бычков та Кара Караев сияқты африка халықтары музыкасының тақырыбын арқау етіп, «Литтлкор» аталатын оратория жазды. Аталмыш авторлардың щығармаларына тән ортақ қасиет - олардың азаттық пен еркіндік, тендік үшін күресушілерге арналуы.
Үшінші сыныптың соңғы тоқсаныныц тақырыбы – «Композитор -орындаушы – тындаушы». Бұл тоқсанда оқушылар музыканы кім және калай шығарады, кім және қалай орындайды деген бағытта түсінік алады.
Бастауыш сыныпқа арналған жаңа бағдарламада музыка ырғағына байланысты түрлі қимыл-қозғалыстар жасауға болатыны айтылған. Оған сыныпқа әр түрлі екпіндегі музыкалардың сүйемеддеуімен кіру және шығу, маршпен жүру, қолмен ырғақтық пульсті көрсету, дирижерлау жатады. Мысалы, бірінші сыныптыңкластыңжәне шыгардың сүйс І-тоқсанының екінші сабағында балалар Б.Ғизатовтың «Біз өмірдің гүліміз» әні әуенінің жүру бағытын қолдарымен көрсетсе, П.И.Чайковскийдің «Ағаш солдаттар маршын» тыңдағанда оң қолының екі саусағымен сол қолының алақанына соғу арқылы музыканың айқын, дәл ырғағын көрсетеді.
Ал, Б.Байқадамовтың «Айгөлек» әнін тындағанда оқушылар оның ырғақтылығын, куплетгік формада (бастау жөне қайырма) екенін аныктап, қайталап тындағанда фразадағы күшті екпіндерді алақандарын соғу аркылы үйренеді. Әнді үйреніп болган соң қолдарымен би қимылдарын жасайды. Балаларға қойылатын талаптардың тағы бір түрі - музыкалық аспаптарда (үшбұрыш, бубен, барабан, ағаш қасықтар, қоңырау, түрлі халық аспаптары) ойнай білу.
Музыкалық аспапта ойнай білу балалардың интонациялық, ырғақтық, тембрлік есту қабілетін ұштаумен қатар, олардың музыка сабағына деген қызығушылығын арттырады.
Ө.Байділдаевтың «Май жыры», халық әндері «Қамажай», «Қарлығаш» т.б. көптеген әндерді орындаған кезде музыкалық аспаптарды қолдану шығарманың айқын ырғағын, саздылығын аша түседі.
Д.Кабалевскийдің бағдарламасы бойынша нота сауатымен таныстыру 2-сыныпта «Интонация» тақырыбын өткенде басталады. Қазақ мектептеріне арналған бағдарлама құрастырушы авторлар педагогика ғылымы академиясы көркем тәрбие ғылыми-зерттеу академиясының музыка сабағына арналған бағдарламасын басшьшыққа алып, музыка теориясының элементтерін игеруді бірінші сыныптың екінші жарты жылдығынан бастауды ұйғарды. Бұл кезде оқушыларда музыканы қабылдау және орындаудың алғашқы дағдысы қалыптаса бастайды.
Балаларды нотамен таныстыру іс жүзінде тек тақырыптық материалдармен байланысты жүзеге асырылуы тиіс. Д.Кабалевскийдің сөзімен айтқанда «...қайта-қайта қайталау мен жаттығуды талап ететін тақырыптан аулақ кететін жанама үлгілер мен қосымшалар болмауы тиіс». (Д.Кабалевский. «Основные принципы и методы программы по музыке для общеобразовательной школы»).
Мысалы, нота сызықтары, скрипка кілті, «соль», «ля», «си» ноталарымен таныстыру А.Еспаевтың «Бақытты балалық шақ» әнін үйрену процесінде іске асырылады, ал, саз туралы түсінікпен халықтың «Шақырамыз жарысқа» әнін үйренген кезде танысады. Н.Меңдіғалиевтің «Қараторғай» әнінің тақырыбына жазған вариациясын тыңдағанда «вариация» деген ұғыммен танысады.
Қазақ мектептеріне арналған бағдарламада ән айта білу дағдысының қалыптасуына көп көңіл бөлінеді. Демді дүрыс алу, ықыласпен тыңдау, музыканы дұрыс есту және есте сақтай білу, дыбыстарды дұрыс және таза айту, басқаларды тыңдай білу ән үйретумен қатар қалыптастырылады. Сондай-ақ бірінші сыныпта хорды унисонда (бір дауыста) таза айтуға көп көңіл бөлінумен қатар, кейбір екі дауыстың элементтерін енгізу арқылы 2-3 сыныптарда екі дауыспен айтуға дағдыландырыла бастайды.
Сонымен, жаңа бағдарлама, өзінің тақырыптық құрылымымен музыканың барлық формасы мен түрлерін біріктіреді. Үшінші сыныптың аяғына қарай оқушылар өздерінің алған білімдеріне байланысты музыка мен өмірдің байланысын аңғара алатын болады. Композиторлардың өзіне тән шығармашалақ қолтаңбасын, халық музыкасының (ән, күй) жанрлық ерекшеліктерін, белгілі бір музыканың қай халыққа тән екенін ажырата алатын дәрежеге жетеді.
Бастауыш мектеп. -Алматы, 1984. - 37-39 бет

Ө.Байділдаев




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет