МУЗЫКАЛЫҚ ОҚУ ТӘРБИЕ ЖАЙЫНДА ПІКІРЛЕР «Бүгінде музыкалық сауатты жастар ертеңнен көтерілген көктей қаулап өсіп келеді. Қала мен ауылдың кезкелген үйінен естіліп тұратын классикалық, лирикалық және эстрадалық әуенді жас бала кезенен жадына сіңіріп өседі. Бала кездегі естіген злдебір нәзік әуен, әлдебір құбылыс адамды ақ шуғыла дүниеге іңкәр етеді».
Лениншіл жас. 30 қараша 1972 ж. «Амал не, қай мектепке барып, өнерпаздардын көрсеңіз де айтатыны әлгіндей үлкендердің әні, сызылып тұрған ғашыктар сыры, екі жүректің елжіреген лебізі. Жап-жас бүлдіршіннің аузынан мұндай әндерді естігенде бетіңнен отын шығады екен. Сонда балаларға арналғаы шығармалар шынымен жоқ болғаны ма? Бар. Иэ, бар деп айтамыз. Байкап турсақ едәуір тізім де шығады. Б.Ғизатов құрастырған «Мектеп әндерін», С.Мухамеджановтың «Алакай» атты әндер жинағы, Ғ.Жұбанова, Б.Байкадамов, А.Еспаев, Ө.Байділдаев, Қ.Қуатбаев, І.Нүсіпбаев, Д.Ботбаев-тардын балаларға арналган әндері бар.
Жастарға тәрбие берудің тиімді құралдарының бірі осы музыка десек, ол балаларды мәдениетті, шат көңілді, табанды, қажырлы, Отан сүйгіш азамат етіп шығаруға көмектеседі. Өкінішке орай мектепте арнаулы музыка пәнінің мұғалімдері жоқтың қасы. Сондыктан да мектептердегі ән сабағы көбіне сағаты жетпеген мұғалімдер қосымша пән ретінде жүргізеді. Музыка туралы өзінің де түсінігі шамалы болғандықтан балалар әйтеур ән айтып, тулап жатса болғаны деп кез-келген әнді айтқызады, өз білгендерін үйретеді. Осыдан келіп қаршадай бала «Сағындым жолыңа карай-қарай», «Ак еркем», «Ғашығым асылым...» деп үзіліп тұрады. Осы жайды Қазақ ССР оқу министірлігі ретке келтіру керек».
Лениншіл жас. І 7 мамыр 1966 ж.
Музыкалық оқу-тәрбие жайында келесі пікірлер айтылып, ұлттық музыканың жасөспірімдерге, мектеп оқушыларына берер эстетикалық рухани мол әсері туралы күрделі мәселелер көтеріліп, Реслубликада ұлттық музыкалық оқулықтар шығару жөнінде келесі мәселелер алға койылды. Осындай игілікті істердің нәтижесінде 1963 жылы тұңғыш рет Қазақстанда 1-сыныпқа арналған «Ән музыка сабағы» атты еңбек жарық көрді. Оның авторы - Бейсенғали Ғизатов еді. Бұл - 1933 жылы профессор Ахмет Жұбанов шығарған алғашқы «Музыка әліппесінен» кейінгі шыққан бірінші окулық. Оның құндылығы соншалық күні бүгінге дейін сегіз рет қайта басылып ҚР-сының Білім министірдігі жариялаған музыка оқулықтарының конкурсында ең таңдаулы жүлдеге ие болды. Б.Ғизатов бул еңбегіне тоқмейілсімей, 2-сыныпқа, балалар композиторы Ібрагім Нүсіпбаевпен бірігіп 3-сыныпқа, одан соң 4-сыныпқа арналған оқулыктарын жазды».