Музыкалық білім беру теориясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен жоғарғы оқу орындарының 050106 «Музыкалық білім беру»


А.Жұбанов ЖАС БУЫНҒА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРЕЙІК



бет42/68
Дата19.06.2023
өлшемі1,09 Mb.
#102324
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   68
Байланысты:
165959 (1)

А.Жұбанов

ЖАС БУЫНҒА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРЕЙІК


...Болашақ буынға эстетикалық тәрбие беру жұмысына аса назар аударып, бұл салада бұрын-соңды болмаган жаңа бағытқа жол сілтеді. Эстетикалық тәрбиенің коммунистік құрылыста үлкен орыны бар екендігін айқындады.
Міне осы жөнінде біздің республика жастарынын, алдында көптеген келелі мәселелер түр. Әрине ол мәселелерді тек жастардың өздері болып шешу қиын. Бұл жұмысқа көпшілік болып ат салысу керек. Осы кездегі әрбір қалалардағы, колхоздардағы, өндірістердегі ашылып жатқан халық университеттері, халықтық театрлар, музыка, сүгірет мектептері және басқа шаралар игілікті бастамалар. Ал осылармен қатар орта, жоғары мектептердегі көркемөнер үйірмелеріне көп коңіл бөлмей болмайды. Өйткені осы уақытқа шейін біздің мектептеріміз, орта, жоғары оқу орындарымыз көркемөнер үйірмелеріне жеткілікті көңіл бөлмей келді. Сондықтан да болар, бірнеше рет өткен олимпиадаларға қатысқан қазақ жастарының әлі де жетіспей жатқан жактары көп екені байқалып та жүр. Әсіресе, олар нота сауатынан жүрдай. 1957 жылы республикалық фестивальға келген 23 халық аспаптары оркестрлерінің ішіндс бір де бірі нота сауатьш білмейді. Оларды басқарып келген дирижерлер де солай. Ал мұның бәрі репертуар жағынан коллективті тар қауыздан щығармай кояды. Орындаушылық мәденңетті көтеруге кесел жасайды. Жақсы үлгі ретінде айтып кететін нәрсе Гурьевтің (Атырау) мұнайшылар халық оркестрі. Бұл оркестр өткен жылдың желтоқсан айында Москвада болган қазақтың өнер мен әдебиеті онкүндігіне қатысты. Онда оркестр жатқа күйлер орындаумен қатар, ноталы шығармадар да орындады. Өйткені олар ұйымдаса бастағанда-ақ күйлермен қатар нота сауатын меңгеруді де игерген. Ал осы кезде сол оркестрдің мүшелері әрқайсысы өздері әрбір аудан орталығында, колхозда оркестр ұйымдастырып, оларға өз білгендерінше нота үйретіп жатса керек. Оркестр басқарушы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекетгік консерваториясын бітіріп шыққан Сейілхан Қүсайынов қазірде Гурьев (Атырау) қаласында тұрақты үлкен оркестр ұйымдастырып жатыр. Әрине оның бәрі де тек оркестр басқарушының іждағатымен ғана шықпайды. Жергілікті партия, комсомол ұйымдарынын, жәрдемімен болады. Бүл жағынан гурьевтіктердің қадамдарын құттықтауға болады.
Осы сияқты көптеген хор коллективтері де бар. Олардьщ ішінде де орындаушылық сатынын жоғарысына тырмысып бара жатқандары да аз емес. Оған дәлел - онкүндікке қатысқан Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облысының және Алматыдағы Еңбек резервінің хорлары. Бірақ осы сияқты хорлар әлі де аз. Оларды көбейте түсу керек. Хор мәселесі Қазақстан үшін аса маңызды. Өйткені ғасырлар бойы жалғыз дауысты музыкамен келе жатқан қазақ халқының көп дауысты музыка мәдениетін шұғыл көтеру керек. Осы бағытта біздің республикада Хор қоғамын ашу мәселесі орнынан неге мызғымай қойғаны тіпті түсініксіз. Мәдеңиет министрлігі бұл жұмысты жедел қолға алуы керек. Басқа республикаларда Хор қоғамы жұмысқа кіріскелі көп болды. Алматыда және басқа облыс орталықтарында балалар хор мектебін ашу кезі де келді. Бұл жұмысқа Оқу министрлігінің араласуы керек.
Біздің республикада көркем тәрбие жағынан төрт аяғынан бірдей ақсап келе жатқан - жас суретшілер дайындау жұмысы. Ислам дінінің кеселімен сурет өнері қазақта дамымай келді. Бұл салада тек өрнек, ою өнері болмаса басқа жағы дамыған жоқ. Жанды нәрсенің, әсіресе адамның суретін салсаң, о дүниеде құдай оған жан тауып бер деп қысады дегенге нанған қазақ бұл өнерден махрұм қалып қойды. Ал біріндіген бұл саладағы қазақ мамандарымыз сурет өнерін көтеруде аздық етеді. Оның үстіне біздің мектептеріміздің жанында сурет үйірмелері жоқтың қасы. Өнердің бұл саласын дамыту біздің ардақты борышымыздың бірі. Осы кезде Алматыда сурет өнерін кәсіби дәрежеде үйрететін жоғары мектеп те жоқ. Сондықтан драмалық үйірмелерді басқаратын, халық театрларын басқаратын режиссерлер бөлімінің ашылғаны сияқты, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясы жанынан сурет (ИЗО) бөлімін ашу дұрыс болар еді. Сондай-ақ би қоюшылар (балетмейстер) бөлімін ашу да осы кезде орынды болар деп санаймыз.
Ресей, Украина қалаларында, аудандарында, колхоздарында симфониялық өнерпаздар оркестрлері бар. Олардың үйірмелерінде опералар, балеттер қойылады. Міне, бұл салада да біздің олқылықтарымыз көп. Мектептер, клубтар, өндірістер жандарында симфониялық оркестр аспаптарына үйрететін үйірмелер, сол сиякты опералык, үйірмелер ашу керек. Бұл тұргыда Талдықорған облысындағы колхозда "Ер Тарғын" спектаклін қоюы үлгі аларлық бастама. Әрине, бұл іске мәдениет қызметкерлері, өнер қайраткерлері аянбай ат салысулары қажет. Сонда ғана бұл айтылғандар орындалады.
Әрине біздің шындығында да жақсы үлгілеріміз жоқ емес. Мысалы, Ауыл шаруашылык институтында домбыра оркестрі бар (басқарушы Құрманғазы атындағы оркестрдің домбырашысы С.Андарбаев). Онда Ыслам Жәйнабылов, Жүніс Оспанов, Алпысбай Айныбеков, Мүсратұлла Табиров, Сұлтан Насыров, Қайрақ Тілемісов сияқты студенттер институтқа түскен күннен бастап осы жұмысқа қатысады. Осы сияқты оркестр Абай атындағы педагогика институтында (басқарушы Құрмангазы атындағы оркестр домбырашысы, консерватория білімі бар - М.Елемесов), Әйелдер институтында (басқарушы Құрманғазы атындағы оркестр домбырашысы, консерваториялық білімі бар - Ғ.Ысмағұлов), ...мемлекеттік университетте (басқарушы - фестиваль лауреаты, консерватория бітірген Ә.Есқалиев) бар.
Мұнымен қатар осы айтылған оқу орындарында айта қалғандай дауысты әншілер бар. Олардың орындаулары өте шебер. Егер дұрыс басқарушылар болса олар ән орындау мәдениетін бұдан әрі де өрбіткен болар еді. Гүлжаһан Ырысова, Қабыл Аблазов (Ауыл шаруашылық институты), Рахимаш Нәзкенова, Арыстанбекова (Педагогика институты), Нариман Қаражігітов, Маркс Тұскеев, Николай Цимбалист (Зоовет институты) деген студенттер ән орындауда өз аудиторияларында аса құрметті. Тамара Жевалина, (Ауыл шаруашылық институты), Шәрбану Құмарова (унив.) сияқты әншілерді қала көрушілері жақсы біледі. Жогары оқу орындарында драма үйірмесі де жақсы дамуда деуге болады. Оған қатысушылар жоғарыда айтылған Гүлжаһан Ырысова, Ж.Тұрсынбеков, (Ауыл шаруашылық институты), Бегімбетова, Батыргереева, Тоққожин (Зоовет), Рахимаш Нәзкенова (КазПИ) бірнеше спектакльдерде рольдер ойнағаңдар. Ал Лидия Самсонова, Анатолий Дворниченко (Зоовет) сияқты көркем сөз оқушы, конферансье, Михаил Эксперсон (Ауыл шаруашылық институты) сияқты пианистер де бар. Дәрігерлік институтындағы Елубай Абдыхалықов, К.Жұманбаев, Есекин, Окас Шайхиев сияқты студенттер халық оркестрінің активтері. Ауыл шаруашылық институтының үрлеп ойнайтын оркестрі (кұрамы 18 кісі) күннен-күнге репертуарын байытып келеді (басқарушы электр күшін өндіру және бөлу кафедрасының лаборанты И.Ф.Лебедко). Оркестр мүшелерінің қабілеттілерінен Мирошниченко, Митрофаненко, Қонаев, Жүнісов сияқтыларды айтуға болады. Осы институттың студенті Тоқтарбай Тұрсынов "Студенттер күйі" деген шығармасын ездерінің кешінде орындаған.
Бұл сияқты мысалдарды көбейте түсуге болар еді. Бірақ осы көрсетідгендердің өзі, егерде жұмысты дұрыстап қолға алса, көркем тәрбие жөнінде көп жұмыс істеуге болатынын дәлелдейді. Жас буын арасында эстетикалық тәрбие жұмысын күшейту - көпшілікті көркемөнер саласына тартады. Драма, опера театрларымыздың, филармониямыздың өнерпаздықтан бастап қадам құрғанын, содан барып кәсібилік жолға түскенін біз ұмытпауымыз керек. Өнерпаздықты көтеру, эстетикалық тәрбие беру - бүгін тандағы ардақты халықтық борыш.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет