Музыкалық білім беру теориясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен жоғарғы оқу орындарының 050106 «Музыкалық білім беру»


Жұбанов А.Қ. Ән-күй сапары. – Алматы



бет43/68
Дата19.06.2023
өлшемі1,09 Mb.
#102324
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   68
Байланысты:
165959 (1)

Жұбанов А.Қ. Ән-күй сапары. – Алматы,
Ғылым, 1979. – 424-433 б.

М. Ахметова




МУЗЫКА МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮР
Қазактың халыктық музыка өнері саласында шалқар сахара, дарқан даладай мол көсіліп, кең тараған бір жанр бар. Ол - ән. Көркем де келісті, шымыр да шыншыл, бүкіл болмысымен биязы әрі мазмұнға бай қазақ әндері халықтың ұлттық дәстүр сипатын айқын анғартатын үлкен фактор болып табылады. Ән табиғатынан халык тарихымен бірге туып,етене өскен өнер қырын, сол өнердің ел өмірімен еншілестігін, үндестігін көреміз.
Әрбір ұлттың өзінше өмір сүру қалпы, тұрмыс-тұркы, эдет-ғұрыптык өзгешелігі, психикалық-мінездік ерекшеліктері, түсінік-пайымдары оның өнер өрісіне үлкен әсер ететіні белгілі. Музыка өнеріндегі бұл құбылыс халықтың сол құпиясын әр алуан салада, әр түрлі бояуда әшекелейді.
Қай халык болсьш езінің ұлттық өнері мен дәстүрін аса бір ыждағаттылықпен дамытуға тырысады, оны жана дәуір, жаңа заман әкелген жаналықтармен сабақтастыра отырып байытады. Қазак музыка шығармашалығын байырғы негізгі түрлері халық әндері, эпостық шығарма, аспаптық музыка болды. Ән-күйді казактың халық шығармашалағының шыңы деуге болады. Оның тамаша үлгілері. Көрнекті халық композиторларының аскақ туындылары ұлттык классикалық музыканың негізін қалады. Ал халқымыздың ғасырлар бойы калыптасқан фольклорлық мұрасы қазіргі профессионалдық музыка салаларының дамуына тікелей зор ықпалын тигізіп отыр.
Жаңа дәуір жаңа туындыларды талап етті. Профессионалдық музыканың бұрын-соңды халкымызға белгісіз жанрлық түрлері, орындаушы коллективтер, вокалдық әншілік мектеп, хор айту мәдениеті, музыкатану саласы қалыптасты. Ұлттық табиғи дәстүр дамуынан тыс пайда болған бұл салалардың халық мұрасынан нәр алып калыптасып, дамығанын еске ала отырып, біз тек төменде аталатын әрбір салаға кысқаша тоқталып өтпекпіз. Бұл тарау негізінен ән, ұлттық ән дәстүрі, ән өнерінің жаңалық ерекшеліктеріне арналады.
Солардың бірі - вокалдық өнер яғни ән салу. Халқымыздың дәстүрі бойынша әнді домбыраның сүйемелдеуімен және сүйемелдеусіз жеке де немесе бірнеше кісі қосылып та орындаған. Әсіресе жеке ән салу мейлінше мол тараған. Халқымыздың әншілік мәнері жеңіл де әдемі. Қоңыр да шырқау әуезімен, жарқын да шалқымалы ашык сазды үнімен айрықшаланады. Әдетте әншілер әнді бір-бірінен ауызекі түрде үйреніп кабылдайтын. Бұл ұлттық ән салу өнеріндегі негізгі бір ерекшелік болып табылады. Жиырмасыншы, әсіресе отызыншы жылдары, казақтың байырғы унисондық бір дауысты, жеке айтылатын ән дәстүріне жаңалықтар кіре бастады. Ән тұңғыш рет фортепиано, симфониялық оркестр, басқа да түрлі аспаптар сүйемелдеуімен айтылатын болды.
Қазіргі кезде республикамызда қалыптасқан ұлттық вокалдык-әншілік мектеп бар. Белгілі музыкалық оқу орнынан ән жөнінен тиісті білім алған вокальдык әнші, орындаушы мамандар қатары молайды, олардың профессионалдык шеберлік ерекшелігі айқындалды. Халық арасынан шыққан табиғи дауысты талантты әншілер музыкалық оқу орнында ән өнерімен маманданып, вокалдық пысыктау, жаттығу арқылы дауыс аукымын кенейтіп, әншілік үн күшін, регістрлік үн катарын арттырды. Сол сияқты вокалдық өнерде дауыстың кібіртіктігін, кедір-бұдырын жоюға және оның үн тегістігін қалыптастыруға да назар аударылды.
Сөйтіп, заман талабына сай қалыптасқан вокалдық ән салу мектебі тек дәстүрлі ұлттык орындау арқылы ғана танылып жүрген казақ әншілерінің өрісін кеңейтіп, орындаушылық мүмкіндігін арттырады. Бұл арада ән салу түрлері екі саласының бірі артық, бірі кем деген ұғым тумаса керек. Халқымыздың мәдени өмірі үшін бұл салалардың әрқайсы да - әнді бір-бірінен ауызекі түрде үйренетін ұлттық мәнердегі әншілік те, музыкалық оқу орнынан білім алып, жетіліп, қалыптасқан вокалдык әншілік те өздігінше бағалы. Қазіргі таңда үздік вокалдык әншілер дүниежүзілік классикалық музыкалық шығармаларды орындау дәрежесіне қол жеткізді.
Күләш Байсейітова, Шабал Бейсекова, Байғали Досымжанов, Ришад Абдуллин, Кәукен Кенжетаев, Бибігүл Төлегенова, Роза Жаманова, Ермек Серкебаев, Әлібек Дінішев, Нариман Қаражігітов, Қорлан Халиламбекова, Рахима Жұбатырова, Ғафиз Есімов, Шора Үмбеталиев сынды республикадағы вокалдық үлгінің көрнекті өкілдерінің өнері тек елімізге ғана емес, шетелдерге де аян.
Осы орайда бұрын қазақ халқының хор айту өнері болды ма, болса қандай деңгейде еді деген заңды сұрак туатыны да сөзсіз. Әдетте, бұрын Орта Азия халыктары сияқты казактардың да хор айту өнері болған жоқ деседі. Алайда бұлай деп кесіп-пішіп айту ағаттық болар еді. Қосылып ән салу жайын әңгімелегенде, бұл жанрдың халықтық негізіне назар аударған жөн. Мәселен, халқымыз жиын-тойларда қосылып ән салуға селқос қарамаған, ойын-кештерде екі жаққа бөлінісе кетіп, бірі бастап, калғандары қостап, әншілерге дем беріп отырған. Бүл жайлар «ертеде қазақта хор өнері атымен болған жоқ» дейтіндердің пікірін теріске шығарады. Халкымызда қосылып ән салу дәстүрі ежелден болған. Міне, сол дәстүр негізінде түрлі эволюциялық белестерден өтіп, қазіргі кезде республикамызда хор айту өнері, хор жанры жан-жакты дамып отыр.
Қазактық мемлекеттік хор капелласының кұрылуы, ұйымдасуы осы айтылғандардан жаркын айғағы іспетті. Хор өнерінің қол жеткен табыстары әңгімелеп отырған ұлттық дәстүріміздің каншалыкты жаңарып, байығанын көрсетеді.
Жаңару жайын әңгіме еткенде, қазақ халқының көне музыка аспабының бірі - домбраның да байырғы түрінде калып қалмағандығын айта кету парыз. Қазіргі уақытта ол бүтіндей бір оркестрге айналып, кеп үнділікке ие болды. Бұған Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер колективі, Құрманғазы атындагы қазак мемлекеттік академиялык халық аспаптары оркестрі мысал бола алады. Сол сиякты опера-балет, симфония, ансамбльдік туындылар, кантата, оратория, ән-романс және басқа да музыкалық жанрлардың қалыптасып, дамуы ұлттык дәстүріміздің тарихи-эволюциялық құбылыстарының айкын айғағы болып табылады.
Әрине, ұлттық профессионалдык музыканың жан-жақты дамуы көне, прогрессшіл дәстүрдің өмір сүруіне еш уақытта да бөгет бола алмайды. Байырғы халык әндерімен қатар қазіргі кезде ақындар айтысының да ұмыт болмай, кеңінен канат жайып келе жатқанын еске алайықшы. Сондай-ак жекелеген домбыра, қобыз, күйлерімен қатар ұлттық оркестрдің орындауына лайықталған шығармалар да өмірге келуде. Бұл - дәстүр өміршеңдігінің куәсі. Сөйтіп, халық мұрасы негізінде жаңа профессионалдық жанрлардың тууымен қатар, мемлекеттік халық аспаптары оркестрі, фольклорлык-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрі, симфониялық оркестр, мемлекеттік хор капелласы сияқты шығармашылық коллективтер қалыптасты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет