Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының



Pdf көрінісі
бет149/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   197
Байланысты:
«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

Аршын төс құстар - ең көп тараған құстар тобы. Сүйектері ауаға толы. 
Аршын төс құстардың көпшілігі ұшады. Құстар түрінің көпшілігі аршын төс 
құстарға жатады. 
Құстардың 
әртүрлі тіршілік жағдайларына байланысты мынадай 
экологиялық топтарға бөлінеді: бұталы орман құстары, батпақ-шалшық су 
құстары, шөл-дала құстары, су құстары, жыртқыш құстар. 
Бұталы орман құстарына орманда ұя жасап, қорегін аулайтын құстар 
жатады. Олардың ішінде жәндіктермен (тоқылдақтар,жүрдек торғайлар, 
дүпілдіктер, т.б.), өсімдіктердің тұқымымен (шымшықтар, қайшыауыздар, 
т.б.), өсімдіктердің жемісімен (колибрлер, шірнежегілер) қоректенетін құстар 
бар. 
Батпақ-шалшық су құстары аз ғана. Оларға тырналар, дегелектер, 
құтандар, балықшылар, тартарлар жатады. Бұл топқа жататын құстардың 
аяқтары ұзын болады. Аталған құстар ұсақ жануарлармен қоректенеді. 
Шөл дала құстары өсімдіктері аз, ашық жерлерді мекендейді. Құстардың 
бұл тобына түйеқұстар, жүрдектер, дуадақтар жатады. 
Су құстары тобы тіршілігінің көпшілігін суда өткізетін құстарды 
қамтиды. Олардың ішінде мынадай құстар: шағалалар, бірқазандар, аққулар, 
қаздар, үйректер және басқа да көптеген құстар бар. 
Жыртқыш құстар барлық жерлерде де, ормандарда, тауларда, далада, су 
қоймаларында да тіршілік етеді. Оларға құмайлар, жапалақтар, қаршығалар, 
сұңқарлар, т.б. жатады.
Құстардың, әсіресе, ауыл шаруашылығындағы маңызы зор. Олар 
ауылшаруашылық өсімдіктердің зиянкестерін көп мөлшерде жояды. 
Көптеген құстарды кәсіптік және спорттық мақсатта аулайды. Құстарды 
қолға үйрету және үй жануарларына айналдыру ісімен ежелден 
шұғылдануда.
 
Топтарға тапсырма. (Төмендегі тірек сызбаны пайдаланып мәтін ішінен 
мәлімет жинайды. Өздерінің білген мәліметтерін де қосуға болады). 
ІV. Дәптермен жұмыс. (Жинақтаған мәліметтерін төмендегі сызбаға салады. 
Мұғалім бағыт-бағдар береді). (Жазылым іс-әрекеті орындалады).Форма: 
Ұжымдық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет