ІІІ. Жаңа сабақ Екінші кезең: Жаңа білімді меңгеру. Мақсаты: дербес тұрғыда әрекеттер
іске асады.
Қосымша әдебиетпен жұмыс Мәтінді түсініп оқып, төменде берілген тірек сызба бойынша жұмыс жасау.
(Мәтінді оқушылар жеке-жеке оқып шығады)
Құстар класы Құстар - ұшуға бейімделген жоғары сатылы омыртқалы жануарлар.
Олар бүкіл жер шарына таралған. Бұл кластың 8000-нан астам түрлері бар
деп есептеледі.
Құстың денесін қауырсындар жауып жатады, алдынғы аяқтары қанатқа
айналған, ішіне ауа толғандықтан сүйектері өте жеңіл. Бауырмен
жорғалашыларға қарағанда құстардың қан айналу жүйесі едәуір жетілген.
Жүрегі төрт камералы. Артерия қандары мен вена қандары бір-бірімен
араласпайды.
Құстар - жылықанды жануарлар. Бауырмен жорғалаушыларға
қарағанда жүйке жүйесі де едәуір жақсы дамыған. Сондықтан құстардың
мінез-қылығы да едәуір күрделі. Олар шартты рефлекстерге оңай
дағдыланады.
Бұрын қарастырып өткен жануарлар типіндегі өкілдердің ұрпаққа
қамқорлығы болымсыз ғана еді. Құстар болса ұя салады, жұмыртқа басып
шығарады, балапандарын қоректендіреді.
Қырсыз төс құстар – Африкада, Арабияда, Австралияда, Оңтүстік
Америкада және Жаңа Зеландияда тіршілік етеді. Бұлар - өте қарапайым
құстар. Оларға түйеқұстар мен кивилер жатады. Түйеқұстар - қазіргі
құстардың ішіндегі ең ірісі. Африкалық түйеқұстың еркектерінің биіктігі 260
см-ге жетеді. Бұл құстар өте шапшаң жүгіргенімен де ұша алмайды.
Пингвиндер -ұша алмайтын құстар. Олар жақсы жүзеді, қаңқа
сүйектерінде ауа болмайды, төсінде қыр бар.Пингвиндер Антарктида
жағалауларында тіршілік етеді. Құрлықта жүргеннен де, ескектерінің
көмегімен суда жақсы жүзеді. Пингвиндер балықтармен, шаян
тәрізділермен, ұлулармен қоректенеді. Ұясын жер бетіне салады.