Құстар тақырыбын сатылай кешенді талдау
1
.Анықтама.
Құстар - ұшуға бейімделген жоғары сатылы омыртқалы жануарлар.
2.
Тану.
2.1 Тарихы Бұл кластың 8000-нан астам түрлері бар деп
есептеледі.
2.2 Түрлері Қырсыз төс құстар (түйеқұстар мен кивилер)
Пингвиндер
Аршын төс құстар(биікке ұшатын құстар)
Бұталы орман құстары
(тоқылдақтар,жүрдек
торғайлар, дүпілдіктер, т.б.)
Батпақ-шалшық су құстары(тырналар, дегелектер,
құтандар, балықшылар, тартарлар)
Шөл дала құстары(түйеқұстар, жүрдектер,
дуадақтар)
Су құстары(шағалалар, бірқазандар, аққулар, қаздар,
үйректер)
Жыртқыш құстары (құмайлар, жапалақтар,
қаршығалар,сұңқарлар).
3.
Ерекшелігі. Құстар - жылықанды жануарлар тобына жатады.
Құстың денесін қауырсындар жауып жатады, алдынғы
аяқтары қанатқа айналған, сүйектері өте жеңіл. Олар басқа типтегі
жануарларға қарағанда аса мейірімді болып келеді. Олар ұя салады,
жұмыртқа басып шығарады, балапандарын қоректендіреді.
4.
Салыстыру.Бауырмен жорғалашыларға қарағанда құстардың қан
айналу жүйесі едәуір жетілген. Жүрегі төрт камералы. Артерия
қандары мен вена қандары бір-бірімен араласпайды. Бауырмен
жорғалаушыларға қарағанда жүйке жүйесі де едәуір жақсы
дамыған.Сондықтан құстардың мінез-қылығы да едәуір күрделі.
Олар шартты рефлекстерге оңай дағдыланады.
5.Маңызы.Құстардың, әсіресе, ауыл шаруашылығындағы маңызы
зор. Олар ауылшаруашылық өсімдіктердің зиянкестерін көп
мөлшердежояды.Көптеген құстарды кәсіптік және спорттық мақсатта
аулайды. Құстарды қолға үйрету және үй жануарларына айналдыру
ісімен ежелден шұғылдануда. ......................
6.Қорғау.Адамның қорғауына мұқтаж жануарлар мен құстар көп.
Еліміздің «Қызыл кітабына» бүркіт, сары шымшық, қырғауыл т.б.
қорғауға алынған.
Достарыңызбен бөлісу: