Пәнаралық байланыс: Ана тілі, сурет, қазақ тілі.
Техникалық құралдар: Интерактивті тақта
Ескерту: Бағалау 13 балдық жүйе арқылы бағаланады. Мұғалім
тапсырманың деңгейіне қарай ұпайды және уақытты алдын ала белгілеп
береді.Оқушылар өзін-өзі, бірін-бірі және топтық бағалай алады.
Сабақтың кезеңдері: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа бағыттау.
Сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнату.
Жаңбыр жауғанда Жау, жау, жаңбыр,
Жау, жаңбыр!
Арық суы мол болсын!
Өсімдіктер көп болсын!
Жауған жерің гүл ашқан
Көкорай шалғын шөп болсын!
1. Жаңбырдың қандай пайдасы бар?
2. Жаңбыр жауғанда өзен, көлдерде қандай өзгеріс болады?
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау Бірінші кезең: Өткен материалдарды еске түсіру. Мақсаты: жаңа білімді
бұрынғы біліммен байланыстыра отырып, өтілетін материалды жеңіл,
ұғынықты меңгеру. Тірек тапсырма: Білім алушылардың үйге берілген жаңа
сабаққа негіз болатын тапсырмалармен жұмыс.
1.Су тақырыбын сатылай кешенді талдау.(Оқушылар шеңбер болып тұрады.
«Қамшы» ойыны арқылы ауызша талдайды).
2. Ізденіп тауып келген суға байланысты ырым-тыйым сөздер және мақал-
мәтелдерді ортаға салады.
Жұмыстары талқыланып, бір-біріне сұрақтар қояды.
ІІ. Жаңа сабаққа бағыттау. (Ой қозғау).
Жұмбақ шешейік!Жылт-жылт етеді,
Қылышпен шауып, Жылғадан өтеді. (Су)
Турай алмадым.
Бір шайқап қалып,
Жинай алмадым. (Су)
Екінші кезең: Жаңа білімді меңгеру. Мақсаты: дербес тұрғыда әрекеттер
іске асады.
Оқулықпен жұмыс. Мәтінді түсініп оқып, төменде берілген тірек сызба бойынша жұмыс жасау.
(Мәтінді оқушылар жеке-жеке оқып шығады).