Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының



Pdf көрінісі
бет164/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   197
Байланысты:
«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

8.Қорытынды.Таза ауа - денсаулық кепілі. ....... 
V.Оқушылардың ойлау белсенділігін арттыруға арналған тапсырмалар. 
Жеке жұмыс. 
1-тапсырма. Стақанға су құйып, оған бір түйір топырақ тастаңыз. Су бетіне 
шыққан көпіршіктер нені білдіреді?1-тәжірибеде нені анықтап көз 
жеткіздіңіз соны дәптерге жазыңыз.(Топырақтың құрамында ауа бар екені
дәлелденеді). 
2-тапсырма. Стақанға су құйып, бір түйір қант салыңыз. Не байқадыңыз? 
2-тәжірибеде неге көз жеткіздіңіз? Дәптерге жазыңыз. (Ауа қатты заттарда
да болады). 
VI. Сергіту сәті. 
Білгенге - маржан 
 
Ауа райын болжау туралы халық нышаны белгілерінің үлгілері. 
 Қарға тұмсығын қанатының астына жасырса, күн суытады дей бер. 
 Мысық қабырғаны тырналаса, ауа райы бұзылады, бұйығып жатса, 
аязға көрінеді. 


 Жұлдыз жиі болса, ауа райы қыста суық, жазда ашық болады. Аспанда 
жұлдыздар аз көрінсе, ауа райы бұлыңғыр болады. 
 Егер қыста желсіз күні түтін жер бауырлап шықса, қар жауғанға, түтін 
тік шықса, аязға көрінеді. 
 Қарлығаштар мен сұр қарлығаштар жерден жоғарылап ұшса, ауа 
райының жақсарғаны. 
VII. Бекіту. 
Үшінші кезең: Бекіту. Мақсаты: білім алушылар өтілген материал жайлы 
ойтолғайды, пікірлеседі, талқылайды осы әрекеттер арқылы ізденеді, 
зерттейді және шығармашылықпен өзіне қажетті білімді құрастырады, өз 
бағасын береді. 
Шығармашылық тапсырма. Жеке жұмыс.
«Ауаны қорғау» тақырыбына сурет салу.
VIII. Рефлексия
IХ. Бағалау. Өзін-өзі бағалайды. 
 
Х. Үйге тапсырма. Тақырыпқа байланысты мәліметтер іздеу. Ауаға 
байланысты ырым-тыйым сөздер және мақал-мәтелдерді жинақтау. 
 
 
7-сабақ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет