Сабақтың кезеңдері:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа бағыттау.
Сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнату.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Бірінші кезең: Өткен материалдарды еске түсіру.
Мақсаты: жаңа білімді
бұрынғы біліммен байланыстыра отырып, өтілетін
материалды жеңіл,
ұғынықты меңгерту.
Тірек тапсырма: Білім алушылардың үйге берілген
жаңа сабаққа негіз болатын тапсырмалармен жұмыс.
1.
Ауа тақырыбын сатылай кешенді талдау.(«Серпілген сауал» әдісі бойынша
ауызша талдатуға болады. Мұғалім допты
лақтыра отырып сұрақ қояды,
мысалы: Ауаның анықтамасын айтыңыз; Ауаның ерекшелігі қандай?
т.б.Мақсат: 2-деңгей айтылым әрекетіне жаттықтыру).
2. Ізденіп тауып келген ауаға байланысты ырым-тыйым
сөздер және мақал-
мәтелдерді ортаға салады.
Жұмыстары талқыланып, бір-біріне сұрақтар қояды.
Достарыңызбен бөлісу: