Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының



Pdf көрінісі
бет162/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   197
Байланысты:
«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

Ауаның ластануы. Ауаны қорғау 
Табиғаттағы заттар айналымы арасында белгілі бір үйлесімділік бар. Олар
әр қабаттағы өзінің белгілі бір мөлшерін сақтайды. Сондықтан ауаның 
құрамы тұрақты болып шығады. 
Өркениет пайда болған кезден бастап ауаға кездейсоқ заттар қосыла 
бастады. Оған дейін ауа табиғи жолмен ғана ластанатын. Жанартаулар 
атқылағанда ауаға бу күйіндегі заттар, улы газдар араласады. Жел арқылы
шаң, тозаңдар ұшып шығады. 
Орман өртенген кезде көп мөлшерде газдар мен бу ұшып шығады. 
Өсімдіктер мен жануарлардың қалдығы шірігенде түзілетін газ заттары да
ауаға тарайды. Мұның бәрі табиғи ластануға жатады. Заттар айналымы 
кезінде ауа табиғи ластанудан өзін-өзі тазартып отырады. 
Қазіргі кезде ауаның ластануы адамның іс-әрекеті салдарынан жиілеп 
отыр. Оны ластайтын - жылу электр станциясынан, мұнай өңдеуден. Металл 
өндіруден, көліктерден, т.б. шығатын қалдықтар. 
Бұлардан ауаға жыл сайын 25 миллиард тонна көмірқышқыл газы, 156 
миллион тонна әртүрлі улы газдар араласып жатады. 


Ірі қалаларда ауаның ластануы қауіпті шегіне жетті. Қалаға сырттан 
қарағанда оның үстін түтінді тұман басып жатқанын көресің. Ол тұман газ
бен тозаңның араласуынан түзіледі. Содан келіп қаланың ауасы нашарлайды. 
Ауа температурасын біршама көтереді. Қала ауасының құрамында су болады
да, ылғалды ауамен тыныс алу қиындайды. 
Ауаның ластануы тіршілік етушілерге өте зиянды. Өсімдіктердің 
жапырағына қонған шаң оның тыныс алуын, суды буландыруын 
баяулатады. Ормандағыдан гөрі қалада өсетін ағаштар тіршілігі ерте 
тоқтайды. Орманда 400 жыл жасайтын жөке ағашы, қала ауасында 50-80 
жыл ғана өмір сүреді. 
Жануарлар да, адамдар да ауа құрамына сәйкес газ қоспасымен 
тыныс алуға үйренген. Қоспаның құрамы өзгергенде, басқа газдар 
араласқанда ағзаның тыныс алуы бұзылады. Сөйтіп, ол ауруға шалдығады. 
Ауаға тарайтын кездейсоқ заттардың көбеюінен ауа қабаты өзін-өзі 
тазарта алмайды. Оны қорғау қажет. Ол үшін арнайы шаралар жүзеге 
асырылады. Зауыттарға тазартқыш қондырғылар орнатылады. Көліктерден 
шығатын түтіннің жолына сүзгі қойылады. Сұйық отын газбен 
алмастырылады. Ауаны тазартудың ең тиімді жолы - көгалдандыру. Бұл аса 
маңызды іске сіздер де қатыса аласыздар. Сіздің еккен әр ағашыңыз ауаны 
тазартуға қосқан үлесіңіз болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет