3. Мезосфера
4. Ионосфера
5. Экзосфера.
2.2. Зерттелуі:Атмосфера қабаттарын радиозондтардың көмегімен
зерттейді. Метеорологиялық ракеталар 120км биіктікке дейін көтеріледі.
Атмосфераны 400-500 км-ге дейін зерттейді. Ғарышкерлер бақылаулар
жүргізеді. Жердің жасанды серіктері 200км-ге дейін атмосфераның жай-
күйін зерттейді.
2.3
Қасиеттері.Ауа
- иіссіз, дәмсіз,түссіз, көзге көрінбейді (тәжірибе
жүргізу арқылы көз жеткізуге болады).
2.4
Маңызы. Ауа - тіршілік көзі. Ауа қабаты жердің күн сәулесінен өте
ысып кетуінен және ғарыштық суықтан қорғайды.
3.Ерекшелігі. Атмосфераның
төменгі шекарасы - жер беті, бірақ ауа
жыныстардың сызаттары мен саңылауларына да енеді.
Кез келген заттың
бойында ауа бар.( Тәжірибе жүргізу арқылы көз жеткізуге болады).
Атмосфера жерді күндіз күн сәулесінен қатты қыздырмайды, түнде өте
суытпайды.
Жерді метеориттерден сақтайды, олардың көбі жер бетіне
жетпей жойылып кетеді.
4.Салыстыру.Жер бетіндегі ауа тығыз және ауыр болады. Теңіз
деңгейіндегі 1 куб. метр ауаның массасы 0 градус температура кезінде 1кг
293грамға тең болады. 12см биіктікте 310грамм ғана, ал 40км биіктікте не
бары 4грамм болады. Биіктеген сайын
ауаның тығыздығы ғана емес,
сонымен қатар температурасы да, ылғалдығы да өзгеріп кетеді.
5.Қорғау.Ауаның тазалығын сақтау үшін ірі кәсіпорындардың мұржаларына
ыс, шаң-тозаң, түрлі улы газдарды тұтатын қондырғылар орнатылады.
Айналаны көгалдандыру, ауаны тазартудың бірден-бір маңызды жолы.
Достарыңызбен бөлісу: