Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының



Pdf көрінісі
бет161/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   197
Байланысты:
«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

Сабақтың технологиясы: Сатылай кешенді оқыту. 
Оқыту формалары: Жеке, жұптық, топтық, ұжымдық. 
Көрнекілігі: Сызба, жұмбақтар. 
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, сурет, қазақ тілі. 
Техникалық құралдар: Интерактивті тақта 
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнату. 
ІІ. Жаңа сабаққа бағыттау. (Ой қозғау). 
Бірінші кезең: Мақсаты: жаңа білімді бұрынғы біліммен байланыстыра 
отырып, өтілетін материалды жеңіл, ұғынықты меңгеру. 
Жұмбақтар шешу. 
 

Бір нәрсе жер мен көктің арасында, 
Көрінбейді өзі түгіл қарасы да. 
Білінбей жер үстінде жүрсе дағы, 
Пайдалы барлық тірлік баласына. (Ауа) 

Бар ма, жоқ па, оны анық білмейсің, 
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (Ауа) 
Ал, енді балалар екі саусағымызбен мұрнымызды қысайық. Сізге не 
жетіспеді? Біз ауасыз өмір сүре аламыз ба? Өсімдіктер мен жануарлар ше? 
Ойларын дәлелдеу.(Ойтолғау) 
Олай болатын болса бүгінгі сабағымыз, ауа туралы болмақ.
 
ІІІ. Жаңа материалды өзбетінше меңгерулеріне жағдай жасау. 
Екінші кезең: Жаңа білімді меңгеру. Мақсаты: дербес тұрғыда әрекеттер 
іске асады. 
Оқулықпен жұмыс. 
Мәтінді түсініп оқып, төменде берілген тірек сызба бойынша жұмыс жасау. 
(Мәтінді оқушылар жеке-жеке оқып шығады). 
Атмосфера. Ауа 
 
Атмосфера - жердің газ тәрізді қабығы. Бұл жер қабаттарының
ішіндегі ең жоғары және тығыздығы ең осал қабық. Ол ауа деп аталатын 
газдардың қосындысынан тұрады. 
Атмосфераның төменгі шекарасы - жер беті, бірақ ауа жыныстардың 
сызаттары мен саңылауларына да енеді. Ауа - иіссіз, дәмсіз,түссіз, көзге 
көрінбейді. (тәжірибе жүргізу арқылы көз жеткізуге болады). 
Атмосфераның айқын байқалатын жоғарғы шекарасы жоқ және ол 
біртіндеп ғарыш кеңістігіне өтеді. Мұндай шекараны шартты түрде 3000км 
биіктікте жүргізеді. Жердің тартылыс күші жібермейтіндіктен, ауа таралып 
кетпейді. 


Жер бетіндегі ауа тығыз және ауыр болады. Теңіз деңгейіндегі 1 куб. 
метр ауаның массасы 0 градус температура кезінде 1кг 293грамға тең 
болады. 12см биіктікте 310грамм ғана, ал 40км биіктікте не бары 4грамм 
болады. Биіктеген сайын ауаның тығыздығы ғана емес, сонымен қатар 
температурасы да, ылғалдығы да өзгеріп кетеді. 
Атмосфера 5 сфераға бөлінеді. Ең төменгі қабаты - тропосфера. Онда 
барлық ауа массасының 80% жынысы шоғырланған, сондықтан ол ең тығыз 
қабат. Биіктігі - поюстерде 8км, экваторда 20км, барлық су буы 
тропосферада жинақталған. Ауа райының құбылыстары да дамиды. Жерге 
таяу қабатта жергілікті климаттың негізгі ерекшеліктері байқалады. Жоғары 
көтерілген сайын ауа температурасы төмендейді, жоғары шегінде -50 
градустан - 60 градусқа жетеді. Келесі сфералары: стратосфера, мезосфера, 
ионосфера және экзосфера. Тропосфера қабатында ғана тіршілік бар, ал 
жоғарылаған сайын ауа өте сиректеп барады. 
Атмосфера жерді күндіз күн сәулесінен қатты қыздырмайды, түнде өте 
суытпайды. Жерді метеориттерден сақтайды, олардың көбі жер бетіне 
жетпей жойылып кетеді.
Қазіргі уақытта атмосфера бүкіл дүниежүзілік метеорологиялық 
ұйымның басшылығымен зерттеледі. Бұл ұйымға көптеген елдер кіреді. 
Автоматика , радио, электронды есептеуіш машиналар секілді ең жаңа 
құралдарды қолдана отырып, материалды жинау және өңдеу бағдарламасы 
жасалады. 
Жер 
бетінде 
метеорологиялық 
станциялар 
салынған. 
Бақылаушылар температураны, желдің бағыты мен жылдамдығын, бұлтты, 
жауын-шашынды анықтайды. 
Атмосфера қабаттарын радиозондтардың көмегімен зерттейді. 
Метеорологиялық ракеталар 120км биіктікке дейін көтеріледі. Атмосфераны 
400-500 км-ге дейін зерттейді. Ғарышкерлер бақылаулар жүргізеді. Жердің 
жасанды серіктері 200км-ге дейін атмосфераның жай-күйін зерттейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет