1.Астроном-ғалым дегеніміз кім?
2. Астрономдар нені зерттейді?
Олай болатын болса бүгінгі сабағымыз, ғарыш әлемі туралы болмақ.
ІІІ.Жаңа сабақ
Екінші кезең: Жаңа білімді меңгеру.
Мақсаты: дербес тұрғыда әрекеттер
іске асады.
Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді түсініп оқып, төменде берілген тірек сызба бойынша жұмыс жасау.
(Мәтінді, толығымен жеке оқып шығу. Мәтінді бөліктерге бөліп, топтарға
беру. Мәтін бөліктерін
оқып болып, түсінгендерін ортаға салады).
Жер - Күн жүйесінің планетасы
Жер - күн жүйесіндегі тоғыз ғаламшардың бірі. Жер - әлем денесі.
Күн жүйесі - орасан зор жұлдыздар шоғырының (150млрд. мөлшерінде) бір
бөлігі, ол Галактика деп аталады. Жерді қоршаған бүкіл дүние - әлем немесе
ғарыш деп аталады.
Күн жүйесіне: Күн, тоғыз ірі ғаламшар және олардың серіктестері,
астероидтар (кіші ғаламшарлар), кометалар және метеор денелер енеді.
Күн жүйесіне тоғыз ірі ғаламшар: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс,
Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон және қуатты телескоп арқылы
бақылауға болатын 1600-ден астам кіші ғаламшарлар енеді. Кіші
ғаламшарлардың көпшілігінің
орбиталары Марс пен Юпитер
орбиталарының аралығында жатады.
Физикалық қасиеттері жағынан Жерге ең ұқсас ғаламшарлар - Марс
және Шолпан.
Ай - Жер серігі. Ай диаметрі Жер диаметрінің 0,027-сіне тең, ал
массасы Жердікінен 82 есе кіші. Жердің шар тәрізділігінің дәлелділігі
Жазық жерде тұрып, айналаға қараған адамға Жер беті тегіс сияқты
болып көрінеді. Оны жан-жағынан шеңбер түріндегі көкжиек сызығы
шектеп тұрады. Шынында да, ертедегі адамдар Жер тегіс, оның үстіне
аспан күмбезі төңкеріліп қойылған деп білген. Күмбезге Күн, Ай және
сансыз көп жұлдыздар бекітілген деп түсінген. Олар бір бағытта жүре
берген, адам Жердің шетіне жететініне күмән келтірмеген. Ежелгі заманда
осындай көріністі бейнелейтін суреттер шіркеу қабырғаларынан жиі орын
алған.
Орта ғасырдағы дүниежүзін айналған
саяхатшылар Жердің шар
тәріздес екендігі туралы жаңа нақтылы дәлелдер әкелді. Еуропадан шыққан
теңізшілер үнемі шығыстан батысқа қарай жүзіп отырып, өзінің шыққан
жеріне қарсы жақтан қайтып оралған.
Жердің шар тәріздес екендігінің мұнан да басқа дәлелдері бар. Ашық
теңізде немесе тегіс жазықта көрінерлік көкжиек дөңгелек пішіндес келеді.
Сонымен бірге бақылаушы адам биікке көтерілген сайын көкжиек сызығы
алыстай береді.
Жердің тәуліктік айналуы
Адамдар ерте заманда аспан аясының қозғалатынын сияқты болып
көрінетінін шындыққа балаған.
ХVII ғасырдан бастап , Галилейдің ашқан
жаңалықтарының арасында жұрт, күнді айналып жүрген жер,
ғаламшарлар мен жұлдыздар емес, қайта жер батыстан шығысқа қарай өз
осімен айналып, 24 сағатта бір рет айналым жасайтындығын білді.
Күннің түнге алмасу себебі - жердің осі тәулігіне бір айналым жасайды.
Жердің жылдық айналуы
Жер Күнді бір жылда айналып өтеді. Күншуақ
немесе тропиктік жыл
365 тәулік 5 сағат 48 мин. 46секундқа тең Қолайлы болу үшін үш жылды 365
тәулікпен, ал төртінші жылды 366 тәулікпен есептейді, бұл жылды толық
жыл деп атайды.
Жер Күнді 30км/сек. жылдамдықпен айналады. Жер осінің
көлбеулігінен күн мен түн өзара тең болмайды. Жазғы күн тоқырауы - 22
маусым күні жарық пен көлеңке шегі Жер үстінен оңтүстікке қарағанда
солтүстік жартышарға жарығын мол түсіре
өтетін болғандықтан, Күн
сәулесі солтүстік тропикке тіп-тіке түседі. 22 маусым күні солтүстік
жартышарда күннің ұзақтығы түннен ұзағырақ, ал бұл уақытта солтүстік
поляр шеңберінде Күн көкжиекке батпағандықтан поляр күні болады.
Солтүстік жарты шарға күн мол түседі. Солтүстік жартышарда жаз
басталғанда, оңтүстікте қыс болады.
Қысқы күн тоқырауы - 23 желтоқсан күні солтүстік жартышардың
көп жеріне көлеңке түсіп тұрады, ал оңтүстік поляр шеңберінің ар жағында
поляр түні басталады. Күн көкжиектен көрінбейді. Бұл кезде солтүстік
жартышарда жыл маусымындағы түн күндізгіден ұзағырақ болады. Күн
сәулелері оңтүстік тропикке тіке түседіі де, оңтүстік
жартышарда жаз,
солтүстікте қыс болады.
Көктемгі және күзгі күн мен түннің теңелуі. 21 наурыз бен 23
қыркүйек күндері жарық пен көлеңке шектері меридиандарды бойлап
өтеді, демек, бүкіл жер жүзінде күн мен түн болады. Сәуле тік
экваторға түседі. Екі жартышар да жарық жылуды бірдей мөлшерде
қабылдайды.
Сұрақтар:
1.Мәтінді оқып не түсіндіңіздер?
2.Не себепті Жер - Күн жүйесінің планетасы дейміз?
3. Күн жүйесінің тоғыз ғаламшарларын атаңыз.
4.Жердің шар тәріздес екенін тағы да қалай дәлелдеуге болады?
5.Жердің тәуліктік айналуы мен жылдық айналуы арасында қандай
айырмашылық бар деп ойлайсыздар?
Тапсырма.
Сұрақтарды негізге ала отырып мәтінді сатылай кешенді талдау.(Жазылым,
айтылым, тыңдалым әрекеттері жүзеге асырылады.Форма: Ұжымдық).
Достарыңызбен бөлісу: