ертедегі мысырлықтар: «Қалай, сіз терлейсіз бе?» – дейтін болған. Гректер
«қуаныңыз» сөзін айтса, қытайлықтар: «Бүгін тамақтандыңыз ба?
Қарныңыз тоқ па?» – деп сұрайды екен. Орта Азия халықтарында сол жақ
кеудесін оң қолымен басып, кеудесін иіп сәлемдесу қалыптасқан да, одан
кейін хал-жағдай сұрасатын болған. Бізде болса: «Бала-шаға, үй іші аман
ба? Денсаулығыңыз жақсы ма? Мал-жаныңыз сау ма?» – деп бастап, біраз
жерге дейін апаратыны белгілі.
Міне, мұның бәрі әр елдің тұрмыс-тіршілік ерекшеліктеріне, өмір сүру
жағдайлары мен салт-ғұрыптарына байланысты сәлемдесу әдептерінің де
өзгешеліктері болатынын көрсетеді.
Тапсырма:
1.Мәтінде не туралы айтылған?
2. Әр халықтың сәлемдесу әдебі әртүрлі болу себептері қандай?
3. Жауап алу мақсатында айтылған сөйлемдерді атаңыз.
а)
Мәтін мазмұнына байланысты айтылым, тыңдалым әрекеті
Достарыңызбен бөлісу: