Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының



Pdf көрінісі
бет17/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   197
Байланысты:
«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

Екінші кезең: Жаңа білімді меңгеру. Мақсаты: дербес тұрғыда 
әрекеттер іске асады.
1-тапсырма. Ата өнері – балаға мұра. (Мақал). 
а) Сөйлемге айтылым, тыңдалым әрекеті бойынша ойтолғау. 
б)Талдаудың бірінші сатысы. Жазылым, айтылым, тыңдалым әрекеті 
бойынша сөйлемге синтаксистік талдау жасау. 
І. Синтаксистік талдау: Ұжымдық жұмыс. (үйретуші жазады, үйренуші 
жазады, тыңдайды, айтады.)
Ата өнері – балаға мұра.
1.1. Екі тыныс белгі бар. Олар: нүкте (.) және үтір (,). 
1.2. Айтылу сазы мен мазмұнына қарай – хабарлы сөйлем. Себебі, ой 
баяндай жеткізіліп тұр. Хабарлы сөйлем дегеніміз айтылу 
мақсаты хабарлау, суреттеу, баяндауды білдіретін сөйлемнің түрі. 
Хабарлы сөйлем интонациялық жағынан көтеріңкі басталып
бәсеңдеп бітеді. Сөйлем соңында жазуда нүкте қойылады.
IV. Дәптермен жұмыс. 
2-тапсырма. Көркем жазу. Хх әрпі мен дыбысын жазу. Халық даналығы – 
өшпес мұра. Мақалды жазып, ойтолғау және айтылым бойынша 
синтаксистік талдау жасау. 
3-тапсырма. Кестемен жұмыс. «Адасқан сөздер» ойыны. Ұжымдық 
жұмыс. 
тәлім көргеннен ал тәрбие
сынбайды ағаш жерден ұстаған
ұстазы кітап - көптің 
 
4-тапсырма. Суретпен жұмыс. Интерактивті тақтадан табиғат көрінісінің 
суреті көрсетіледі. Оқушылар мәтін құрастырып, мәтінге ат қояды. 
Тыңдалым әрекеті бойынша құрастырылған мәтінді оқып, талдайды. 
Сөйлемнің қай түрі екендігі сұралады. (Синтаксистік талдаудың екі сатысы 
бойынша бір сөйлемді айтылым, тыңдалым әрекеттері бойынша талдайды)
 
V. Сергіту сәті.
 


VI. Бекіту. 
Үшінші кезең: Бекіту. Мақсаты: білім алушылар өтілген материал 
жайлы ойтолғайды, пікірлеседі, талқылайды осы әрекеттер арқылы 
ізденеді, зерттейді және шығармашылықпен өзіне қажетті білімді 
құрастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет