Істі көріп бүгінгі,
Қабағым сәл түйілді:
Итжейде деп неліктен,
Атады екен киімді?!
Өтепберген Ақыпбекұлы
1. Ақын өлеңді қандай сезіммен жазған?
2.Жас нәрестеге не үшін ырымдап «итжейде» көйлегі кигізіледі?
3. Тағы да қазақ халқының қандай әдет-ғұрыптарын білесіздер?
4.Жан жадыратар қандай жақсы тілектерді білесіздер?
V. Алған білімдерін зерделеу.
3-тапсырма.Топтық тапсырма.
Жан жадыратар жақсы сөздерді топтап жазады.
1-топ: Сол сөздерді қатыстырып лепті сөйлем құрайды.
2-топ: Сұраулы сөйлем құрастырып жазады.
3-топ: Хабарлы сөйлем құрап жазады.
Құрап жазған сөйлемдеріне синтаксистік талдау жасайды.(Жазылым,
айтылым және тыңдалым әрекеттері жүзеге асырылады). «Тірек сызба»
ойыны арқылы баяндауға болады. Шарты: Топ мүшелері біріне-бірі тірек
болып тұрады. Талдаудың келген жерінен жалғастырып айтады. Топтар
бірін-бірі бағалайды. Мақсат:Бірін-бірі тыңдауға, қателіктерді түзетіп,
нақты әділ баға беруге баулу.
4-тапсырма. Жеке жұмыс. Сөйлемдердің соңына тиісті тыныс белгілерін
қойып жазу. Тыныс белгісіне сай ырғақпен оқу.
1. Абылай хат жазды
2. Алтынай қоянға неше сәбіз берді
3. Айнала қандай тамаша
Өз таңдауы бойынша сөйлемге синтаксистік талдау жасайды. (Талдаудың
үш сатысын жазады).
VI. Сергіту сәті. Слайд көрсетілімі арқылы қимылдарды жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: