Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының


ІІІ. Жаңа материалды өз беттерінше меңгерулеріне жағдай жасау



Pdf көрінісі
бет23/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   197
Байланысты:
«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

ІІІ. Жаңа материалды өз беттерінше меңгерулеріне жағдай жасау 
Мәтінді түсініп оқып, көкейіңізге тоқыңыз. 
Жақсы сөз жан жадыратады 
Адамға керегі алдымен жылы сөз. Жылы сөз адамның көңілін 
көтеріп, қуантады. 
Сөз – адам үшін тәрбие құралы, білім – білік, мәдениет, өнер бастауы, 
қорланып келе жатқан ақыл-ой жәдігері, әсемдік қазынасы. Қалай да сөздің 
адамға жағымды немесе жағымсыз әсері орасан зор екені даусыз. Біздің 
халқымыздың: «Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады», – деген 
тамаша мақалы жылы да жағымды сөйлеудің қаншалық керемет күшке ие 
екендігін аңғартады. 
Тапсырма:


1. 
«Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады», – дегенді қалай 
түсінесіз? 
2. Жылы сөздерді атаңыз. 
3. Адамның көңіл-күйін білдіретін суреттерді пайдаланып, сөйлемдер 
құрау. 
Мысалы: Алақай, ауылдан атам келді! 
Екінші кезең: Жаңа білімді меңгеру. Мақсаты: дербес тұрғыда әрекеттер 
іске асады. 
Тапсырмалар. 
1-тапсырма.
Сурет бойынша әңгіме құрастырыңыз.Құрастырылған мәтініңізде 
сөйлемнің қандай түрлері бар? 
Тірек сөздер: Алақай, тамаша, қаладан, досым. 
І. Синтаксистік талдау: Жазылым, айтылым, тыңдалым әрекеті 
бойынша сөйлемге синтаксистік талдау жасау. (Үйретуші жазады, 
айтады; үйренуші жазады, тыңдайды және айтады. Ұжымдық жұмыс). 
Мысалы: 
 
Үлгі: 
Алақай, қаладан досым келді! 
1.1.Сөйлемде екі тыныс белгісі бар. Олар: үтір және леп белгісі.
а) Үтірдің қойылу себебі, ...
ә) Леп белгісінің қойылу себебі – ... 
1.2. Айтылу сазы мен мазмұнына қарай – лепті сөйлем. 
Себебі, адамның көңіл күйін, сезімін білдіріп тұр. 
1.3.Құрылысына қарай – жай сөйлем. Себебі, ... . 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет