Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының



Pdf көрінісі
бет40/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   197
Байланысты:
«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

VII. Рефлексия (Кері байланыс жасайды) 

VIII. Бағалау (Жұптық бағалау). 
ІХ. Үйге тапсырма. 
1.4-тапсырма.
2. Кез келген сөзге сөзсазындық талдап жазу. (Толық жазылым). 
3. Кез келген сөздегі дауысты және дауыссыз дыбыстарға математикалық
тәсілмен дыбыстық мінездеме беру. (Қысқаша жазылым). 
 
 
9-сабақ. 
 
Сабақтың тақырыбы: Сөз. Тілдік материалдарды жазылым бойынша
ықшамдау принципімен өрнектеу.
Сабақтың мақсаты:  
а) Тәрбиелік: Нақыл сөз, мақал-мәтелдер арқылы оқушыларды ұлттық 
құндылықтарды бағалай, құрметтей білуге, адамгершілікке және 
сауаттылыққа жетелеу. 


ә) Білімділік: Сөзсазындық талдауды қысқаша ықшамдау принципімен 
өрнектеу жолдарын түсіну. 
б) Дамытушылық: Сөзсазындық талдаудың қыр-сырын меңгеру; есте 
сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамуына жағдай жасау; алынған 
нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерді негізге ала отырып, пікірталас, 
ойтолғау, шығармашылық жұмыстар атқаруға жағдай туғызу.
Сабақтың технологиясы: Сатылай кешенді оқыту. 
Сабақтың түрі: Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру. 
Оқыту формалары: Жеке, жұптық, топтық, ұжымдық 
Көрнекілігі: Тірек сызба,
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану. 
Техникалық құралдар: Интерактивті тақта. 
Сабақтың кезеңдері: 
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа бағыттау. 
Сүйкімді балғын бала шақ 
Сендердікі болашақ, 
Озат болып оқыңдар. 
Ойға білім тоқыңдар! 
Қима қағаздарға жазылған сөздерден жаңылтпаш құрастыру.
Мысалы: Қылық, жаман, та, шағынымпаздық, жағынымпаздық, та, қылық, 
жаман. (Шағынымпаздық та жаман қылық, 
Жағынымпаздық та жаман қылық). 
IІ. Өткен материалдарды еске түсіру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет