Анасыз ақын да болмайды, Әке –шаңырақ иесі.
Нан болса - ойнап күлеміз, Аттамас, одан кәрі-жас.
Ана – отбасының ұйытқысы, Батыр да болмайды.
Нан – ардақты, асыл ас, Нан барда – еркін жүреміз.
Жоғарыдағы үлгі бойынша асты сызылған сөздердегі дыбыстарды
ықшамдау принципімен өрнектеңіздер ( жазылым, айтылым,
тыңдалым әрекеттері бойынша сатылай кешенді талдайды, топтық форма.
Топтар бірін-бірі бағалайды).
1-топ: Б: Отбасының = O=□/∆=?
2-топ: Б: Шаңырақ = O=□/∆=?
2-тапсырма. Жеке жұмыс.
Жұмбақтың шешуін табыңыз.
Ұзын мұртты сарылар,
Көрінбейтін наны бар.
Ол не?...
Жұмбақтың
жауабындағы
сөзге
қысқаша
сөзсазындық
талдау
жасаңыз.(Жазылым, айтылым және тыңдалым іс-әрекеттері жүзеге
асырылады).
3-тапсырма. Жұптық жұмыс. «Жіптің ұшын тап» ойыны.
Ойын шарты: Жіптің ұшын тауып
әріптерді ретімен оқысаңыз,
керемет
мақал шығады.Мақалдың мағынасын ашыңыздар.
Мақалдағы сөздердегі дыбыстарды ықшамдау принципімен өрнектеңіздер.
(Жазылым, айтылым, тыңдалым әрекеттері бойынша
сатылай кешенді
талдайды, жұптық жұмыс, бірін-бірі бағалайды ).
VI.
Сергіту сәті.
VII. Үшінші кезең: Бекіту.
Мақсаты: білім
алушылар өтілген материал
жайлы ойтолғайды,
пікірлеседі, талқылайды
осы әрекеттер арқылы
ізденеді, зерттейді және шығармашылықпен
өзіне қажетті білімді
құрастырады, өз бағасын береді.
Шығармашылық тапсырма. Жеке жұмыс.
1. «Ана», «Нан» тақырыптарының бір-біріне қандай байланысы бар? Сіз
қалай ойлайсыз, оларсыз өмір сүруге бола ма? Неге? Өз ойыңызды ақ
параққа түсіріңіз.(Сурет салу арқылы баяндауға болады).
2.
Ардақты сөзіндегі дыбыстарды ықшамдау принципімен өрнектеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: