Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының



Pdf көрінісі
бет49/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   197
Байланысты:
«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

VIII. Рефлексия
ІХ. Бағалау. Өзін-өзі бағалау. 
Х. Үйге тапсырма.
Н 
А 
Н
 
С 
А
 
С 
Ы 
А 
А 
Т 


1.4-тапсырма. Әңгіме құрау. 
2.Кез келген сөзге сөзсазындық қысқаша ықшамдау
принципімен өрнектеу. 
3.Кез келген сөздегі  дыбыстарды ықшамдау принципімен
өрнектеу. 
12-сабақ. 
 
Сабақтың тақырыбы: Дыбыстарды белгісіздікпен өрнектеу,теңдеуді
шешу, дыбыстардың мәнін орнына қойып, баяндау.
 
Сабақтың мақсаты:  
а) Тәрбиелік: Нақыл сөз, мақал-мәтелдер арқылы оқушыларды ұлттық 
құндылықтарды бағалай, құрметтей білуге, адамгершілікке және 
сауаттылыққа тәрбиелеу. 
ә) Білімділік: Дыбыстарды белгісіздікпен өрнектеу,теңдеуді шешу, 
дыбыстардың мәнін орнына қойып, баяндау жолдарын түсінулеріне 
жағдай жасау. 
б) Дамытушылық: Есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту; 
Алынған нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерді негізге ала отырып, 
пікірталас, ойтолғау, шығармашылық жұмыстар атқаруға жағдай туғызу.
Сабақтың технологиясы: Сатылай кешенді оқыту. 
Сабақтың түрі: Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру 
Оқыту формалары: Жеке, жұптық, топтық, ұжымдық 
Көрнекілігі: Тірек сызба.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану. 
Техникалық құралдар: Интерактивті тақта, компьютер. 
Сабақтың кезеңдері: 
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа бағыттау. 
Ақ жүрек ана – бұлақ, 
Ақ жүрек әке – күншуақ, 
Жақсы қыз- жағадағы құндыз, 
Жақсы ұл –аспандағы жұлдыз.
Әрқашан жақсы болайық, 
Үміттерді ақтайық! 
ІІ. Бірінші кезең: Өткен материалдарды еске түсіру. Мақсаты: жаңа 
білімді бұрынғы біліммен байланыстыра отырып, өтілетін материалды 
жеңіл, ұғынықты меңгерту. Тірек тапсырма: Білім алушылардың алған 
білімдерін естеріне түсіріп, берілген жаңа сабаққа негіз болатын 
тапсырмалармен жұмыс. Оқушылар үш топқа бөлінеді. 
Жұмбақ шешу 
Бір балуан өзі күшті, қайраты мол, 


Өзінен үлкен затты көтерер ол. 
Мейлі қыр, мейлі жота, мейлі төбе, 
Қайқаңдап аса берер бәрінен сол. 
Бұл қай жәндік? (Құмырсқа) 
- Құмырсқа қандай жәндік? 
- Дана халқымыз оны қалай сипаттаған? 
а) «Құмырсқа» тақырыбына  айтылым әрекеті бойынша ойтолғау жасау.
Ата-бабаларымыздан ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалған ұлағатты 
сөздерінің, жұмбақ, жаңылтпаштардың қадірін, тәрбиелік мәнін жете 
біліп, күнделікті өмірде қолдана алу.
б) «Кім көп айтады?» ойыны. Әдеп, тәлім-тәрбие туралы айтылатын 
сөздерді атау. 
Мысалы: Еңбекқор, инабатты, қанағатшыл т.б. (оқушылар )
Аталған сөздердің кез келген үшеуін алып 1-топ: сөзсазындық қысқаша 
ықшамдау принципімен өрнектейді. 2-топ: Сөздегі дыбыстарды ықшамдау 
принципімен өрнектейді. 3-топ: сөздегі дауысты және дауыссыз 
дыбыстарға дыбыстық мінездеме береді. (Қысқаша жазылым, айтылым 
және тыңдалым әрекеттері жүзеге асырылады). Топтар бірін-бірі 
бағалайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет