Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының


жасау. Ата-бабаларымыздан ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалған ұлағатты  сөздерінің қадірін жете біліп, күнделікті өмірде қолдана алу. б)



Pdf көрінісі
бет47/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   197
Байланысты:
«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

жасау.
Ата-бабаларымыздан ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалған ұлағатты 
сөздерінің қадірін жете біліп, күнделікті өмірде қолдана алу.
б)«Кім жылдам?» ойыны. «Нан», «Ана» сөздеріне қатысты айтылатын 
сөздерді атау. 
Мысалы: Ардақты, асыл,қасиетті т.б. (оқушылар )
Аталған сөздердің кез келген үшеуін алып 1-топ: сөзсазындық қысқаша 
ықшамдау принципімен өрнектейді. 2-топ: сөздегі дауысты және дауыссыз 
дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме береді. 
(Қысқаша жазылым, айтылым және тыңдалым әрекеттері жүзеге 
асырылады.) Топтар бірін-бірі бағалайды.
ІІІ. Екінші кезең: Жаңа білімді меңгеру. Мақсаты: дербес тұрғыда 
әрекеттер іске асады. 


Өлеңді түсініп оқып, жаттап алыңыздар. 
Ақ мамам 
 
Еркелесем, күлімдейтін, Әлемдегі ақылды адам, 
Ұрысқаны білінбейтін, Бәрінен сол жақын маған. 
Маңдайымнан иіскеп менің, Ол жанымда жүрсе, мен де 
Құлыншағым, күнім, - дейтін. Батырларша батылданам. 
Жамандықтан сақтандырып, 
Жақсы ісімді мақтан қылып, 
Мәпелеген ақ мамамды 
Жүрсем деймін шаттандырып.
Ф. Оңғарсынова 
1.Сізді анаңыз қалай еркелетеді? 
2. «Жамандықтан сақтандырып, Жақсы ісімді мақтан қылып»,- дегенді 
қалай түсінесіз? 
3.Сіз анаңыз үшін не істер едіңіз? 
IV. Дәптермен жұмыс.
Ее әрпі мен дыбысын көркемдеп жазу. 
Сөздегі дыбыстарды ықшамдау принципімен өрнектеу. 
Ескерту.Талдауда төмендегі шартты белгілер негізі алынады. 
O ̶ жалпы дыбыс 
 ̶ дауысты дыбыс 
∆ ̶ дауыссыз дыбыс 
Ø ̶ жоқ деген белгі 
U ̶ қосудың белгісі 
/ ̶ бөлшектің белгісі 
Өлеңдегі асты сызылған сөздегі дыбыстарды ықшамдау принципімен 
өрнектеу. Оқыту формасы: ұжымдық. Жазылым бойынша тілдік 
материалды сатылай кешенді талдау жасау. (1-деңгей) 
Мұғалім жазады, оқушы жазады. Оқушы жазғанын дауыстап айтады. 
Үлгі: 
Б: Еркелесем = O = □/∆ = ? 
Ш: Еркелесем = 90 =4(4е)□/5(р,к,л,с,м)∆; 
□ 
а) 4□=4(4е)□/Ø; 
б) 4□=4(4е)□ U Ø/ Ø ; 
в) 4□=Ø□/4(4е)□; 
∆ 
а) 5∆=2(к,с)∆U Ø∆/3(р,л,м) ∆; 
б) 5∆=1(к)∆U1(с)∆/1(р) ∆ U1(л) ∆ U1(м) ∆ ; 
в) 5∆=1(м)∆U1(с)∆U1(к)∆ U2(р,л) ∆ .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет