ә) Білімділік: Сөздегі дыбыстарды ықшамдау принципімен өрнектеудің
жолдарын түсіну.
б) Дамытушылық: Есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
Алынған нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерді негізге ала отырып,
пікірталас, ойтолғау, шығармашылық жұмыстар атқаруға жағдай туғызу.
Сабақтың технологиясы: Сатылай кешенді оқыту.
Сабақтың түрі: Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру
Оқыту формалары: Жеке, жұптық, топтық, ұжымдық
Көрнекілігі: Тірек сызба,
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану.
Техникалық құралдар: Интерактивті тақта, компьютер.
Сабақтың кезеңдері:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа бағыттау.
Бар асылын халықтың,
Құйған сана ойыңа.
Туған тілім өркенде,
Бола бер күшті көркем де!
С. Мұқанов
Суреттерді құрастыру арқылы екі топқа бөлінеді. (Мысалы: түймедақ,
қызғалдақ)
Метаграмма
Екі жағым «Н» болса,
Қасиетті тағаммын!
Екі жағым «А» болса,
Ел қадірлер адаммын.
(Нан- ана)
ІІ. Бірінші кезең: Өткен материалдарды еске түсіру.
Мақсаты: жаңа
білімді бұрынғы біліммен байланыстыра отырып, өтілетін материалды
жеңіл, ұғынықты меңгерту.
Тірек тапсырма: Білім алушылардың алған
білімдерін естеріне түсіріп, берілген жаңа сабаққа негіз болатын
тапсырмалармен жұмыс.
а) «
Нан», «Ана» тақырыбына айтылым әрекеті бойынша ойтолғау
Достарыңызбен бөлісу: