Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының



Pdf көрінісі
бет52/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   197
Байланысты:
«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

 
Сабақтың тақырыбы: Сөз таптарын сатылай кешенді талдау. Зат есім 
 
Сабақтың мақсаты:  
а) Тәрбиелік: Нақыл сөз, мақал-мәтелдер арқылы оқушыларды ұлттық 
құндылықтарды бағалап, ата-баба салт-дәстүрлерімізді құрметтеуге, оның 
құндылықтарын жете түсінуге жетелеу. 
ә) Білімділік: Морфологиялық бірліктерді сатылай кешенді талдауға, 
сөздердің грамматикалық мағынасын жете түсінуге жағдай жасау; 
- жұмыс істеу дағдыларын; 
- сауаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу; 


- шешу, дыбыстардың мәнін орнына қойып, баяндау жолдарын 
түсінулеріне жағдай жасау. 
б) Дамытушылық: Есте сақтау, ойлау қабілеттерінің дамуына, алынған 
нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерді негізге ала отырып, пікірталас, 
ойтолғау, шығармашылық жұмыстар атқаруға жағдай туғызу.
Сабақтың технологиясы: Сатылай кешенді оқыту. 
Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгеру 
Оқыту формалары: Жеке, жұптық, топтық, ұжымдық 
Көрнекілігі: Тірек сызба, суреттер 
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану. 
Техникалық құралдар: Интерактивті тақта, компьютер. 
 
Сабақтың кезеңдері: 
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа бағыттау. 
Сұрасаң, атам – қазақ, түбім – түрік, 
Мойнына шу асаудың салған құрық. 
Дәстүрін ел-жұртымның ардақтаймын, 
Ежелгі ата-баба салтын құрып. 
Қазақтың халық өлеңі 
Бірінші кезең: Өткен материалдарды еске түсіру. Мақсаты: жаңа білімді 
бұрынғы біліммен байланыстыра отырып, өтілетін материалды жеңіл, 
ұғынықты меңгерту. Тірек тапсырма: Суретпен жұмыс. 
Сурет бойынша шағын әңгіме құрап,мәтінге ат қойыңыздар
Кім? кімдер? не? нелер? – деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді 
атаңыздар. (Сурет ұлттық салт-дәстүріміз «Тұсау кесер» туралы болады. 
Тірек сөздер: Күрмеуіңді шешейін, тұсауыңды кесейін, тақымыңды жаз, 
қаз-қаз). 
Ереже шығару: Зат есім дегеніміз – кім? не? кімдер? нелер? деген 
сұрақтарға жауап беріп, заттың, нәрсенің, құбылыстың, деректі, дерексіз 
ұғымдардың атауын білдіретін сөз табы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет