2.Дәстүр сөзін лексика-грамматикалық
мағынасына жазбаша талдап
жазыңыз. (Үлгіге қарап жазады).
2-тапсырма. Жұптық жұмыс.
Төменде берілген ұлттық киімдерді тиісті топтарына теріп
жазыңыздар.
Бешпет, жейде, көйлек, камзол, шалбар;
жадағай шапан, күпі, сырмалы
шапан, тон шапан, ішік; бөрік, қалпақ, құлақшын, малақай, тақия, шалма;
жаулық, желек, орамал, шәлі, кимешек, қарқара, сәукеле; кебіс, көк етік,
мәсі, саптама етік.
Іш киімдер:
Сыртқы киімдер:
Ерлердің бас киімдері:
Әйелдердің бас киімдері:
Аяқ киімдер:
Жұптасып жоғарыда берілген зат
есімдердің кез келгенін алып,
морфологиялық талдау жасаңыздар. (Жазылым, айтылым, тыңдалым іс-
әрекеттері жүзеге асырылады).
3-тапсырма. Топтық жұмыс. Салт-дәстүрлерге
байланысты суреттер
тарату. Сол суреттерге байланысты сөйлемдер құрайды. Салт-дәстүрлердің
маңызы туралы ойтолғау жасайды.Сөйлемдердің ішінен зат есімді
анықтап, лексика-грамматикалық мағынасына талдау жасайды. (Жазылым,
айтылым, тыңдалым іс-әрекеттері жүзеге асырылады. «Қамшы», «Тірек
сызба» ойындарын қолдануға болады).
Бата беріп үйренейік!
Ал, батамды берейін,
Арта берсін мерейің.
Қойға толып өрісің,
Алшы түссін кенейің.
Құлын-тайың шұрқырап,
Тассын бағың, мерейің.
Басыңа
бұлт қонбасын,
Өмір гүлің солмасын!
Немере, шөбере, шөпшегің
Көзіңіз көрсін өскенін.
Немене
мен туажатты
Көруді алда көксегін!
Үмітіңді ақтар,
Ұрпағың болсын жақтар!
Батамды есте сақта, ал,
Әумин, аллау әкпар!
Достарыңызбен бөлісу: