Ата сөзін жазып, сөзге морфологиялық талдау жасау. Оқыту формасы:
ұжымдық. (1-деңгей Тілдік материалдарды толық жазылым бойынша
сатылай кешенді талдау).
Үйретуші жазады, үйренуші жазады. Үйренуші жазғанын дауыстап
айтады.
Зат есімді сатылай кешенді талдаудың сызбасы
1.Құрамына қарай: бір, екі, үш,...
2. Тұлғасына қарай: а) негізгі түбір
ә) туынды түбір
3.Құрылысына қарай: а) дара
ә) күрделі
4.Сұрағы
5. Мағынасына қарай: а) жалқы есім/ жалпы есім
ә) жанды/ жансыз
б) деректі/дерексіз
в)нақты/ нақты емес.
Үлгі:
1.Бұл сөз бір құрамнан тұр:
ата
2. Тұлғасына қарай –
ата –
негізгі түбір.Себебі, сөздің әрі қарай
бөлшектенбейтін мағына беретін негізгі бөлігі.
3.Құрылысына қарай –
дара. Себебі, бір ғана негізгі түбірден тұр.
4.Ата – кім? деген сұраққа жауап береді. Ендеше, бұл-
зат есім.
Зат есім дегеніміз- кім? не? кімдер? нелер? т.б. сұрақтарға жауап
беріп, заттың, нәрсенің, құбылыстың, деректі, дерексіз
ұғымдардың атауын білдіретін сөз табы.
5. Мағынасына қарай:
а)Жалпы есім. Себебі, біркелкі деректі ұғымның жалпылай
аталуы.
ә) Жанды. Себебі, тіршілік иесі.
б) Деректі. Себебі, көзбен көріп, қолмен ұстап тануға боларлық
деректі ұғым атауы.
в)Нақты. Себебі, деректі болған нәрсе нақты болады.
Достарыңызбен бөлісу: