Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет178/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   677
М.Жолдыбаев, М.Әуезов, Ә.Қоңыратбаев бірлесіп жазған "XIX ғасыр мен XX ғасыр басындағы 
қазақ әдебиетінің оқу кітабы", 1939 ж. Ө.Тұрманжановтың "Көркем әдебиет" оқулықтары мен 
зерттеу  еңбектері  жарық  көрді.  Ә.  т-ның  мәселелері  1930  ж.  жарық  көрген  С.Сәдуақасов, 


К.Кемеңгеров, Ғ.Тоғжанов, Ы.Мұстамбаев және т.б. әдебиет зерттеушілердің мақалалары мен 
еңбектерінде қамтылды. 20 ғ-дың 30-жылдарының соңы мен 40-жылдары 18 - 20 ғ-лардың бас 
кезіндегі қазақ әдебиеті тарихын қамтыған К.Жұмалиев, Ә.Марғұлан, Е.Ысмайылов, Мұқанов 
оқулықтарымен,  Әуезов  пен  Л.Соболевтің  "Қазақ  әдебиеті  тарихының  очерктері"  (1939), 
Жұмалиевтің  "XVIII  -XIX  ғасырдағы  қазақ  әдебиеті"  (1940)  зерттеулерімен  толығатүсті, 
Әуезов  абайтану  ғылымының  негізін  қалап,  ұлы  ақын  туралы  алғашқы  ғыл.  мақалалар 
жариялады,  К.Жұбановтың  "Абай  -  қазақ  әдебиетінің  классигі"  мақаласы  жарияланды.  20 
ғ-дың  40-  жылдары  қазақ  әдебиетінің  тарихын  зерттеу  жаңа  қарқынмен  қолға  алынып, 
Әуезовтің "Қазақ әдебиеті тарихын зерттеу мәселелері" (1946). "Традиции русского реализма и 
до  революционная  казахскская  литература"  (1949)  мақалаларында  қазақ  әдебиетінің  даму 
жолы мұқият зерттеліп, ұлттық әдеби процестің өзіндік ерекшеліктері жан-жақты терең ашып 
көрсетілді.  Жұмалиевтің  "Абайға  дейінгі  қазақ  поэзиясы  және  Абай  поэзиясының  тілі" 
монографиясында Абайға дейінгі әдебиеттің және Абайдың ақындық тілі кеңінен талданды. 20 
ғ-дың 40 жылдарының соңы мен 50 жылдарының бас кезінде қабылданған үкімет және партия 
қаулыларында Ә. т-ндағы көрнекті тұлғаларға баға беруде өрескел қателіктерге жол берілді. Ә. 
т-н  зерттеуші  көрнекті  ғалымдар  Ысмайылов,  Жұмалиев,  Қ.Мұхамедханұлы  және  т.б. 
қуғын-сүргінге  ұшырады,  Әуезовтің,  Мұқановтың,  Жұмалиевтің  және  т.б.  еңбектері  өткір 
сынға  алынып,  жөн-жосықсыз  айыптар  тағылды.  Қазақстан  КП  ОК-нің  1957  жылғы  "Қазақ 
халқының  әдеби-поэзиялық  және  музыка  мұрасын  зерттеудің,  сын  тұрғысынан  қарап 
пайдаланудың  жайы  және  оларды  жақсарту  шаралары  туралы"  қаулысы  қазақ  әдебиетінің 
тарихына жаңа бетбұрыс жасап, осыған орай Тіл және әдебиет ин-ты 1959 ж. 15 - 19 маусымда 
әдеби  мұраға  арналған  ғыл.-теор.  конференция  өткізді.  Бұл  ғыл.  мәслихатта  әдебиет 
тарихының көптеген мәселелері жан-жақты талқыланып, оның материалдары 1961 ж. "Әдеби 
мұра және оны зерттеу" деген атпен жеке жинақ болып жарық көрді. 20 ғ-дың 50-жылдарының 
2-жартысында  қазақ  әдебиеті  тарихының  проблемаларын  кеңінен  қамтыған  Жұмалиевтің 
"Қазақ  эпосы  мен  әдебиет  тарихының  мәселелері",  Б.Кенжебаевтың  "Қазақ  халқының  XX 
ғасыр  басындағы  демократ  жазушылары"  Б.Шалабаевтың  "Революцияға  дейінгі  қазақ 
әдебиеті  тарихының  очерктері",  С.Қирабаевтың  "Спандияр  Көбеев"  (1958)  еңбектері, 
Әуезовтің  орыс  және  қазақ  тілдеріндегі  "Әр  жылдар  ойлары"  кітабы  (1959)  жарық  көрді. 
Әдебиет  және  өнер  ин-ты  ғалымдары  дайындаған  6  кітаптан  тұратын  үш  томдық  "Қазақ 
әдебиетінің тарихы" Ә т-н жан-жақты да терең зерттеген қомақты ғыл. еңбек болды. Ә. т-ның 
жеке  кезеңдері  мен  көрнекті  өкілдерінің  шығарм-ғы  Ә.Дербісалиннің  "Ыбырай  Алтынсарин" 
(1965),  "Қазақтың  Октябрь  алдындағы  демократияшыл  әдебиеті"  (1966),  А.Нұрқатовтың 
"Абайдың  ақындық  дәстүрі"  (1966),  Жұмалиевтің  "XVIII-XIX  ғасырлардағы  қазақ  әдебиеті" 
(1967), Ы.Дүйсенбаевтың "Ғасырлар сыры" (1970), Кенжебаевтың "Қазақ әдебиеті тарихының 
мәселелері" (1973), З.Ахметовтың "Современное развитие и традиции казахской литера-туры" 
(1978)  және  басқа  монограф.  зерттеулерде  жүйелі  түрде  сараланды.  Ежелгі  дәуір  әдебиеті 
тарихын  зерттеуді  жолға  қою  мәселелері  Сейфуллин,  Әуезов  еңбектерінде  алғаш  рет 
көтерілсе, Кенжебаев өз зерттеулерінде қазақ әдебиеті тарихын: "1. Ежелгі әдебиет. 2. Қазақ 
хандығы дәуіріндегі әдебиет. 3.19 ғ-дағы қазақ әдебиеті; 4. 20 ғ. басындағы қазақ әдебиеті; 5. 
Қазақ  кеңес  әдебиеті"  деп  жүйелеуді  ұсынды.  Бұл  тұжырымдама  казақ  әдебиетінің  тарихын 
дәуірлеу негізіне алынды да. Мағауин, "Қобыз сарыны" атты монографиясында (1968) 15 -18 
ғ-лардағы  қазақ  ақын-жырауларын  зерттеуге  арнады.  "Ерте  дәуірдегі  қазақ  әдебиеті" 
ұжымдық  монографиясы  (1983)  15  -  18  ғ-лардағы  поэзияны  жан-жақты  зерттеген  толымды 
еңбек  болды.  Дер6ісалин,  М.Жармұхамедов  ,Ө.Күмісбаев  13  -  14  ғ-лардағы  түркі  тілдес 
халықтарға  ортақ  жазба  әдеби  ескерткіштер  -  "Оғызнаме"."Мүхаб-батнаме"  дастандарының 
қазақ  тіліне  ғыл.  аудармасын  жасап,  олардың  қазақ  әдебиетіне  қатысына  терең  үңілген 
зерттеулер жазды. М.Жолдасбеков, А.Дыраубаева ежелгі әдебиеттің күрделі кезеңдері мен озық 
нұсқаларын  ғыл.  сараптама  жасады.  Қазақ  әдебиетінің  бірнеше  ғасырлық  дәуірін  қамтыған 
Х.Сүйішәлиевтің "VIII - XVIII ғ. қазақ әдебиеті" (1989). "XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті" (1986) 
кітаптары. Н.Келімбетовтың "Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі" (1986) монографиясы. Әдебиет 
және өнер ин-ты ғалымдары жазған "XIX ғасырдағы қазақ ақындары" атты зерттеулер жинағы 


жарық көріп, Ә. т-на сүбелі үлес болып қосылды. Қазақ кеңес әдебиеті бойынша Ысмайылов, 
Қ.Бекхожин,  С.Айтмұқанов.  С.Сейітов  жазған  "Қазақ  совет  әдебиеті"  (1942),  Ғ.Мүсірепов, 
Бекхожин,  К.Жалмағамбетов,  Сейітовтің  "Қазақ  совет  әдебиеті"  (1948  -  51),  М.Базарбаев, 
Т.Бейісовтың "Қазақ совет әдебиеті" (1954) оқулықтары осы кезең тарихына арналған алғашқы 
оқулықгар  болса,  Базарбаев,  Т.Бейісов,  Б.Сахариевтың  10  сыныпқа  арналған  "Қазақ  совет 
әдебиеті" (1955 - 62), Базарбаев пен Сахариевтің 11 сыныпқа арналған "Казақ совет әдебиеті" 
(1965 - 87) кітаптары осы кезеңді толық қамтыған тұрақты оқулықтар ретінде Ә. т-нан орын 
алды.  Қаратаев.  Т.Нцртазин,  Қирабаев  жазған  жо-ғары  оқу  орындарына  арналған  "Қазақ 
совет  әдебиеті"  тұңғыш  оқулығы  екі  рет  (1968.  1971)  қайта  басылып  шықты,  өзгертілген 
нұсқасының 1-томы 1987 ж. жарық көрді. Қазақ кеңес әдебиетінің қалыптасуы мен дамуының 
ерекшеліктерін,  жеке  ақын  жазушылар  шығармашылығын  зерттеуге  Әуезов,  Қаратаев, 
Нұртазин,  Базарбаев,  Қирабаев,  Т.Кәкішев,  Т.Әбдірахманова,  Б.Наурызбаев,  Ә.Нарымбетов, 
М.Атымов  жәнет.б.әдебиеттанушы-ғалымдар  үлкен  үлес  қосты.  "Қазақ  совет  әдебиеті 
тарихының  очеркі"  (1949)  ұжымдық  зерттеуінде  кеңестік  дәуірдегі  қазақ  әдебиетінің  даму 
жолдары  ашып  көрсетілді,  осы  еңбек  негізінде  1971  ж.  орыс  тілінде  "Қазақ  совет  әдебиеті 
тарихы"  деген  жаңа  зерттеу  жарық  көрді.  Қазақстандағы  орыс  мектептерінің  9 - 1 0  
сыныптарына арналған Н.С. Смирнов, Ш.Сәтбаева, Х.Әдібаевтың "Қазақ әдебиеті" оқулығы 
(1976 - 86), Сәтбаева мен Әдібаевтың жоғары оқу орындарына арналған орыс тіліндегі "Қазақ 
әдебиеті" оқулығы (1979.1984) қазақ әдебиеті тарихына ғыл. талдау жасаған қомақты еңбектер 
болды.  20  ғ-дың  90-жылдары  қазақ  әдебиетінің  сан  ғасырлық  даму  жолын  тарихи  шындық 
тұрғысынан жан-жақты зерттеуге мүмкіндік туды. Қирабаевтың "Жүсіпбек Аймауытов"(1993), 
"Әдебиетіміздің ақтандақ беттері" (1995), Сәтбаеваның "Шәкерім Құдайбердиев" (1993. орыс 
тілінде),    Ш.Елеукеновтің "Жаңа жолдан" (1989), "Мағжан" (1995) атты монографияларында, 
Мұхамедханұлының төрт кітаптан тұратын "Абайдың ақын шәкірттері" еңбегінде (1993 - 97), 
Ахметов, Базарбаев, Бердібаев, Кәкішев, Ысмағұлов және т.б. ғалымдардың зерттеулерінде 
қазақ әдебиеті тарихының ақтаңдақ беттері жаңа тұрғыда ашып көрсетіліп, бұрын айтылмай 
келген  ақындар  мен  жазушылардың  шығармашылығы  тереңдеп  зерттелді.  20  ғ.  басындағы 
әдебиет тарихы  қайта қарастырылып,  "XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ  әдебиеті" зерттеулер 
жинағында  (1994)  бұрын  тиым  салынып  келген  отыздан  аса  ақын.  жазушылардың 
шығармашылығына  кеңінен  орын  берілді.  "20  -  30  жылдары  қазақ  әдебиеті"(1997) 
монографиясы осы жылдардағы әдебиетке жаңаша көзқарас тұрғысынан жазылса, "40 - 50 және 
60-жылдардағы  қазақ  әдебиеті"  монографиясында  (1998)  қаһарлы  соғыс  кезінің  шындығы, 
одан кейінгі жылдарда көптеген партиялық қаулылардың әдебиетке тигізген кереғар ықпалы. 
60-жылдары жаңа толқын тудырған әебиет қайта зерттеліп, жаңаша пайымдалды. 20 ғ. басында 
Ә.  т-н  зерттеуге  өзіндік  үлестерін  қосқан  қайраткерлердің  еңбектері  қайта  жарық  көрді. 
Х.Сүйіншәлиевтің  жаңаша  жазылған  "Қазақ  әдебиетінің  тарихы"  зерттеуі  жеке  кітап  болып 
басылып  шықты  (1998).  Әдебиет  және  өнер  ин-ты  ғалымдары  "Мәдени  мұра"  бағдарламасы 
бойынша 100 томдық "Бабалар сөзі" кітаптар дастанын, 10 томдық "Қазақ әдебиеті тарихын" 
жарыққа шығаруға кірісті (2004).   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет