ӘКІМХАНОВМінуар (17.10.1943 ж.т.) - ақын. ҚазҰУ-ды бітірген. 1970 - 95 ж. Алматы обл.
Райымбек ауд-ндағы "Хан Тәңірі" (бұрынғы "Солтүстік шекара") газетінде тілші, бөлім
меңгерушісі, 1996 - 97 ж. "Санат" баспасында редакторлық қызмет атқарды. 1998жылдан "Қазақ
елі" газетінде бөлім меңгерушісі болып қызмет істейді. "Тұңғыш" (1978), ''Шалқия"(1981),
''Жырға сапар" (1984), "Жалғыз арша" (1998), "Айғайтас" (2004) өлең кітаптары жарық көрген.
Әдебиеттің әр алуан мәселелері жайында жазған "Жер басып жүргеніңнің өзі - ырыздық" және
"Айтып өлген ақында арман бар ма?" атты сыр-сұхбаты сыншы-ғалым З.Серікқалиұлының "Алтын
жамбы" (2003) атты кітабына енген.
ӘЛДИБЕКОВ Бақыт Беделханұлы (1975. Алматы обл. Ұйғыр ауд. Шонжы а.) Абай атынд.
ҚазҰПУ-ды (1996), аспирантурасын (1999) бітірген. 1999 - 2005 ж. Астанадағы "Елорда"
баспасының редакторы және Қ.Куанышбаев атынд. қазақ муз.-драма театрында бөлім меңгерушісі
қызметтерін атқарған. 2005 жылдан бері "Қазақстан" ұлтгық телеарнасында қызметкер.
"Толқыннан толқын туады", "Карлығаш", "Жас ақындардың антологиясы", "Қос ішек" атты
ұжымдық жинақтарға топтама өлеңдері енген. Ә-нің "Махамбет" (2003) атты поэтикалық
драмасы Маңғыстау обл. муз. драма театрында сахналанды. Т.Айбергеновтің 60 жылдығына
орай өткізілген жас ақындар жыр мүшәйрасының (1997). Халықар. " Шабыт" фестивалінің
лауреаты (2002). 1998 ж. "Кең дүние", 2001 ж. "Көкемарал" жыр кітаптары жарық көрген.
ӘЛДИБЕКҰЛЫ Шаймерген (10.10. 1939 ж.т.. Алматы обл. Райымбек ауд. Қайнар а.) - ақын.
Талғар а. ш. техникумының зоотехниктер даярлайтын бөлімін (1961). ҚазҰУ-ды (1968) бітірген.
Респ. "Қайнар", "Жазушы", "Санат" баспаларында, Қазақстан Баспа. полиграфия және кітап сауда
істері жөніндегі мемл. к-нде. Алматы обл. радиосында қызмет атқарған. Алғашқы өлеңдері жас
"ӘЛЕМ" - Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы аударма және әдеби байланыс жөніндегі бас
редакциялық алқа шығарған әдеби-көркем және қоғамдық-саяси альманах. 1991 ж. қазақ және орыс
тілдерінде 2 саны ғана жарық көріп, қаржы тапшылығына байланысты шықпай қалған. Көлемі -
27.99 б. т., таралымы - 25 мыңдана. Альманахтың "Жыртұмар", "Жадыны жаңғырту". "Ойтолғақ",
"Арна", "Дәнекер", т.б. бөлімдерінде ұлттық дүниетаным, саяси, әдеби-мәдени байланыстар,
қазақ халқының тарихындағы ерекше құбылыстардың зерттелу мәселелері туралы көркем
ғыл.-танымдық материалдар жарияланған.