ӘЛЖАНОВАманжол (1902. Ақмола обл. Ерейментау ауд. Елтай а. - 1981. Павлодар қ.) - ақын.
"Жер бөлісі", "Конфиске", "Байдың келініне", "Екпінді мен жалқаудың айтысы" деген өлеңдерінің
авторы. 2-дүниежүз. соғысы жылдары Жезқазғанда жүмысшы болған. Көркемөнерпаздар
үйірмесіне басшылық еткен, патриотгақ өлең жырлар шығарып айтты. Соғыстан кейінгі жылдары
ақындар айтысына қатысты. Бекболат Меркемелиденовпен (1958), Таубай Қирабаевпен (1961),
Боламан Қожабаевпен (1962), Желеу Жақыповпен (1965), Темірболат Байділдинмен (1966)
айтысты. "Құдіретті елім бар", "Елу жылда ел жаңа", "Ұлы жеңіс", "Сәкеңді еске алу", "Әл-Фараби
жерінде", "Сабан той" т.б. өлең-жырлары "Тың өлкесі", "Қызыл Ту" газеттерінде жарияланды.