Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет201/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   677
ӘЛМАҒАМБЕТ Оспанұлы (1886. Қостанай обл. Жангелдин ауд. Шиелі мекені - 1966. сонда) - 
ақын.  Ауыл  молдасынан  сауатын  ашқан.  Торғай  қ-нда  Ы.Алтынсарин  ашқан  қолөнер  мектебін 
бітірген  (1905).  Тройцкідегі  "  Расуля"  медресесін  (1916)  бітірген.  1917  -  23  ж.  өз  ауылында 
"Бостандық"  мектебін  ашып,  А.Байтұрсынов  емлесімен  сабақ  берген.  1925  ж.  Торғай  уезі 
мұсылмандары Ә-ті дін басшысы - Мұхтасиб етіп сайлайды. Осы қызметі үшін Ә-ті Кеңес өкіметі 
қуғынға ұшыратып, екі рет тұтқындап (1929. 1931) екеуінде де 10 жылға соттаған. Ақталып шыққан 
соң  Ақтөбе  обл.  Ырғыз  ауд..  Қостанай  обл-ның  Жангелдин  ауд-нда  бала  оқытқан.  1937  ж. 
Ә.Ресейдің Тройц қ-нда. Қостанай обл-ның Қарабалық ауд-нда мұғалімдік қызметін жалғастырған. 
1941 ж. "халық жауы" деген жаламен 8 жыл-ға сотталып. кейін Маринскіге жер аударылған. 1944 ж. 
босап шығып, Тройцкі қ-нда. Қостанай обл-ның Әулиекөл ауд-нда тұрған. 1961 ж. туған ауылына 
қайта оралған. Ә-тің алғашқы өлеңдері "Айқап" журналы мен "Қазақ" газетінде жарияланған. Оның 
"Қош Торғай" деген көлемді толғауы. "Жастарға айтар сөз", "Арақ туралы", "Жазушыдан ақырғы 
сөз" деген өлеңдері халық арасына кең тараған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет