ӘЛИХАНОВМүбарак Ісләмұлы (шамамен 1884. бүрынғы Семей обл. Өскемен уезі Себе болысы
-1929. Шығ. Қазақстан обл. Ұлан ауд.) -қазақ байы, болыс, шежіреші. Найман тайпасының
сарыжомарт руынан шыққан. Ә. жасында орысша білім алған. Ол Тоқтамыс хан жаздырған қазақ
шежірешілерін жинастырып, "Мүбарак шежіресі" деген атпен құрастырып сақтаған. Ә.
Қазақстандағы ірі байлардың қатарында отбасымен Қырғызстанға жер аударылған (1928). 1929 ж.
еліне жасырын оралып, туған жерінде қайтыс болған. Ұрпақтары Қырғызстанда тұрады.