ӘЛЖАНОВОтыншы (1873. бұрынғы Семей обл. Зайсан уезі, Нарын болысы - 1918. Семей обл.
Мақаншы кенті) - қоғам қайраткері. Алашорда үкіметінің мүшесі, ағартушы, фольклоршы. Ә.
Зайсандағы орыс-қазақ уч-щесін (1887), Омбының қазақ-орыс гимназиясын (1890), Омбы
мұғалімдер семинариясын (1894) бітірген. Дала ген.-губ. кеңесініңің жүргізушісі (1894 - 95),
Ақмола обл. сотының тілмашы (1895 - 1907), Көкпекті қ-ндағы орыс-қазақ уч-щесінің
меңгерушісі (1907 - 09) болған. Ресей өкіметінің отарлау саясатына қарсьшық көрсеткені үшін Ә. 5
жылға Жетісу обл. Лепсі уезіне жер аударылған. 1917ж. Ақпан төңкерісінен кейін Ә. Жетісу
обл-ндағы Алаш қозғалысы жетекшілерінің бірі болған. Ол уез-дік, обл., жалпықазақ съездеріне
түгелдей қатысып, II Жалпықазақ съезінде (Орынбор. 1917. 5 - 13.12) Алашорда үкіметіне мүше
болып сайланды. Жетісуда құрылған Алаш әскерінің қолбасшысы болып, большевиктерге қарсы
соғысқан. Қызылдардың қолынан қаза тапқан. Кеңес өкіметі оның ұрпақтарын қырғынға
ұшыратқан.