ӘМІРЕНОВТәңірберген (15.6.1907. Шығ. Қазақстан обл. Абай ауд. Сарыжал а. - 11.7.1985.
Семей қ.) - ақын. Ауыл мұғалімінен оқып, хат таныған. Халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы.
Отан соғысы жылдары Семейдің эстрадалық концерт бюросында қазақ группасын басқарды.
Маясар Жапақовпен, Жолдыкей Нұрмағамбетовпен, Шәкір Әбеновпен, Қалихан Алтынбаевпен
айтысқан. Шығармалары - "Айтыстың" 3-томында (1996), "Пернедегі термелер" (1965), "Ленин
деп халық жырлайды" (1969) жинақтарында басылды. "Жұмбақ тас" (1967), "Қанды қанжар"
(1973), "Жол мұраты" (1977), "Өмір өткелдер" (1985) атты өлеңдер жинағы жарық көрген.