Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет226/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   677
ӘМІРОВ  Құсайынбек  Ахметұлы  (18.1.1903.  Алматы  -  1989.  сонда)  -  жазушы.  ақын, 
журналист. 
1918ж.    Верный  жаяу  әскер  полкінде      қызыл        гвардияшы,      "  Заря  свободы"  газетін 
таратушы болған. 
1919- 20 ж. кеңес-партия мектебінде және Түркістан майданы саяси 
басқармасының лекторлар даярлайтын курсында оқыған. 1920 - 21 ж. 
4-Түркістан      атты      әскер      полкінің саяси      қызметкері.      16-қазақ    атты 
әскер полкінің әскери комиссары. Ферғана      майданында      Өзген      ауд. 
рев. к-тінің төрағасы және Өзген гарнизонының      әскери      комиссары 
болған.      Алматы      уезі      батырақтар бюросының төрағасы болып қызмет 
атқарды. 1920 ж. Д.Фурманов штабында күзетші болып. Верныйдағы 
контррев. бүлікті басуға қатысты. 1922 ж. комсомол жұмысына ауысқан:        бөлім      меңгерушісі.     
Жетісу губ.    комсомол      к-тінің.      Түркістан 
комсомолы     Орт.    к-тінің   хатшысы, көп уақыт Алматы, Жаркент, 
Қарағанды қалаларында, Қостанай және        Қызылорда        облыстарында 
басшы      партия-кеңес      қызметтерін  атқарады.      Қазақстан      Ком  партиясы  ОК  ұйымдастыру 
бюросының төрағасы болған. Ленин орденімен 
марапатталған. Карағанды қ-сының құрметті азаматы (1971). 
ӘН ӨЛЕҢІ - муз. әуенмен айтылуға лайықталған сөз өнерінің бір түрі. Ә. ө. халықтық және әдеби 
болып  екіге  бөлінеді.  Халықтық  деп  кім  шығарғаны  белгісіз  Ә.  ө-дерін  айтады:  Мыс.: 
"Жайдарман", "Жиырма бес", т.б. Ә. ө-дерінің екінші түріне авторы белгілі    шығармалар жатады. 
Мыс; "Сегіз аяқ", "Бойы бүлғаң", "Жанбота", "Ақсиса", "Құлагер", "Ардақ", "Айнамкөз", "Қаракесек", 
"Майра", "Қорлан", Гәкку", "Жас қазақ", "Ақ маңдайлым", т.б. Әдебиеттануда эес зерттелетін 
сал-серілер өнернамасы, негізінен, олардың Ә. ө-дерінен тұрады. Абайдың, Мағжанның әуені 
мен  сөзі  егіз  өрілген  Ә.  ө  -  ұлттық  поэзиямызға  да,  ұлттық  музыкамызға  да  олжа  салған 
туындылар.  С.Сейфуллин,  І.Жансүгіров,  С.Мұқанов,  Н.Шакенов,  М.Әлімбаев,  Н.Әлімқұлов, 
Т.Молдағалиев, Қ.Шаңғытбаев, т.б. Ә. ө-дері жұртшылыққа кеңінен мәлім. ӘНҰРАН, гимн (грек. 
hymnos - мадақтау ән) - салтанатгы ән, мемлекетгік негізгі рәміздердің бірі. Әнұрандардың рев., 
әскери,  діни,  т.б.  түрлері  болады.  Оның  сөзі  де,  музыкасы  да  рух  көтеретін  салтанатты,  үлкен 
мұраттарға  бастайтындай  болуы  керек.  Кейбір  күрделі  опера,  балет,  симфония,  хорлар  соңы 
әнұран  сипатында  аяқталады.  Мыс.,  орыс  композиторы  М.Глинка  "Иван  Сусанин"  операсын 
атақты "Даңқ" хорымен бітіреді. Кеңестік дәуірде 1945 ж. бекітілген Қазақстан әнүранының сөзі 
коммунистік  идеологая  талабына  сай,  жалған  оптимистік  рухта  жазылған.  Дербес  мемлекет 
болғаннан  кейін  Қазақстан  Республикасының  шынайы  рухы  мен  қуатын,  мақсат-мүддесін 
танытатын  әнұран  қажет  болды.  Осы  талаптарға  сай  ән  музыкасын  сақтап  қалу  туралы  шешім 
қабылданды  да,  оның  сөзіне  арнайы  бәйге  жарияланып,  ақындар  М.Әлімбаев,  Қ.Мырза  Әлі, 
Т.Молдағалиев,  Ж.Дәрібаева  жазған  сөз  үздік  деп  табылып,  қабылданды.  Қазақстан 
Республикасы  әнұраны  музыкасының  авторлары:  М.Төлебаев,  Л.Хамиди,  Е.Брусиловский, 
Еліміздің әнұраны 1992 жылдың 4 маусымында бекітілді.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет