Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет235/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   677
"ӘУЕЗ  БАТЫР"  -  жыр.  Ел  аузында  айтылатын  аңыз,  ертегілердің  әңгімелік  желісін  нақгы 
өмірмен  байланыстырып,  жырға  айналдырған  бұл  халықтық  шығармада  батырлық  және 
тұрмыс-салт  жырларының.  қиял-ғажайып  ертегілерінің  дәстүрлері  тоғысып  біріккен  сюжет 
жасаған. "Ә. б." жырының негізгі идеясы - халықты қанаған билеуші топқа және сыртқы жауға 
қарсы күрес. Жырдың екі нұсқасы бар: біріншісі - 1940 ж. Ақтөбе обл. Қобда ауданының тұрғыны 
жыршы Айса Байтабынов жырлаған, нұсқа көлемі - 1500жол. Бұл нұсқада қарадан шыққан Әуез 
батырдың тәкаппар хан қызын тәубасына кежіріп, хан алдында үстемдігін көтеруі. Қобыланды, 
Телағыс,  Қарасай,  Қази  сияқты  атақты батырлар  алдында  күш-қабілетін  танытып,  олармен  дос 
болуы,  ортақ  жауға  қарсы  бірлесіп  шайқасуы  сөз  болады.  "Ә.  б."  жырының  екінші  нұсқасы 
"Әуелбек батыр" деген атпен белгілі. Бұл нұсқаны 1941 ж. Әміреш Жұмағазин ел аузынан жазып 
алып тапсырған. "Ә. б." жырымен мазмұны жағынан ұқсас, негізгі айырмашылығы кісі аттарында 
ғана,  екі  нұсқа  да  жыр  үлгісімен  айтылады.  Екі  нұсқа  да  Орт.  ғыл.  кітапхананың  қолжазба 
қорында сақтаулы.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет