Әйгерімнің тіркестіріп тіккен киіз үйінде сахнаға шығарған. Алғашқы әңгімесі "Қорғансыздың күні"
1921 ж. жарияланған. Ә. Семейде "Алаш жастары"
одағын құрып, түрлі үиірмелердің ашылуына ұйытқы болды. Ж.Аймауытовпен бірігіп жазған
"Қазақтың өзгеше мінездері" аталатын алғашқы мақаласы 1917 ж "Алаш" газетінде басылған. Бұдан
кейін "Сарыарқа" газетінде "Адамдық негізі - әйел", "Оқудағы құрбыларыма", "Қайсысын
қолданамыз?" деген мақалаларын жариялаған. Ә. Семейде "Абай" ғыл.-көпшілік журналын
(Аймауытовпен бірге) шығарып, "Ғылым", "Будда", "Абайдың өнері һәм қызметі", "Қазақ ішіндегі
партия неден?", "Мәдениетке қай кәсіп жуық", "Философия жайынан", "Абайдан соңғы ақындар",
"Ғылым тіпі", "Қазақ әйелі" Қазақ қашан жетіледі", "Мәдениет һәм ұлт", "Өліп таусылу
қаупі","Оқу ісі"мақалаларын жариялаған. Ә.1919 ж. Семей губревкомының жанынан ашылған
қазақ бөлімінің қызметкері, 1920 ж. бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. "Қазақ тілі"
газетінің ресми шығарушысы болып тағайындалған. 1920 -21 ж. Семей обл. атқару к-ті қазақ
бөлімінің және обл. соттың меңгерушісі міндетін атқарған. Семейдің "Ес-аймақ" ойын-сауық
үйірмесі Ә-тің "Ел ағасы", "Бәйбіше-тоқал" пьесаларын халық театрының сахнасына қойған.
Мақалалары "Қазақ тілі" газетінде үзбей жарияланып тұрған. 1922 ж. "Қорғансыздың күні " мен
"Еңлік-Кебек" жеке кітап болып Орынбордан жарықкөрген. 1922 ж. Ташкент қ-ндағы Орта Азия
мемл. ун-тіне тыңдаушы болып оқуға түседі әрі "Шолпан" және "Сана" журналдарының алқа
мүшесі болып жұмысқа орналасқан. Онда жүргенде бірыңғай шығарм-пен айналысып, осы
басылымдарда "Қыр суреттері", "Қыр әңгімелері", "Үйлену", "Оқыған азамат", "Кім кінәлі",
"Заман еркесі" ("Сөніп жану") әңгімелері жарияланған. 1923 ж. Ленинград мемл. ун-тіне оқуға
ауысқан. Қазақ АКСР Оқу-ағарту комиссариаты-ныңарнайы өкілдігімен 1924 - 25 ж. Семей
қ-ндағы мұғалімдер техникумына оқытушылыққа қалдырылған. Сонда жүріп "Таң" журналын
шығарған. Онда "Кінәмшіл бойжеткен", "Қаралы сұлу", "Ескілік көлеңкесінде", "Жуандық"
әңгімелері жарияланған. Сол жылдары жазылған "Сұғанақ сұр" повесінің қолжазбасы жоғалып
кеткен. 1926 ж. Семейге арнайы ғыл. экспедиция ұйымдастырып, ауыз әдебиеті мұраларын
жинайды. Сол жылы "Қарагөз" пьесасын жазған. Ғыл. экспедицияның материалдары негізінде
жазылған "Әдебиет тарихы" монографиясы 1927 ж. кітап болып шыққан. 1927 ж. Жетісу өңіріне
ғыл.-шығарм. сапармен келіп, І.Жансүгіровпен бірге ел аралап, болашақ шығармаларына материал
жинап, сол материалдар негізінде "Қараш-Қараш оқиғасы" (1927) повесін, "Қилызаман" (1928)
романын, "Хан Кене" (1928) пьесасын жазған. 1928 ж. Ташкенттегі Орта Азия мемл. ун-тінің
аспирантурасына қабылданған әрі Қазақ ағарту ин-тында сабақ берген. Аспирантурада оқып
жүріп, жаз айында қырғыз елін аралап," Манас" жырын зерттеп, ел аузынан дастанның үзінділерін
жазып алған. 1927- 29 ж. Абай қолжазбаларының екі томдық толық жинағын баспаға әзірлеген.
1929 - 30 ж. қазақ зиялыларын жазалау саясаты басталып,
А..Байтұрсынов, М.Дулатов,
Достарыңызбен бөлісу: